05.06.2020, 13:42 7741

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқтаған істер бойынша сот үкімдері

Жоғарыда аталған үкімдермен сотталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айрылды.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan Today - "AntikorNEWS" шығарылымының тікелей эфирі барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров Агенттікпен аяқталған қылмыстық істер бойынша айыптау үкімдері туралы айтып өтті.

1. Алматы қ. №2 Медеу аудандық сотының үкімімен Алматы қ. Наурызбай аудандық сотының судьясы Б.Е. Батырханов 4 жылға бас бостандығынан айрылды.

Ол Н.Н.Қоңыртаевадан Алматы қаласында орналасқан тұрғын үйді жер телімімен қоса мемлекеттік қажеттілікке алу бойынша азаматтық істі оң шешу үшін 850 000 теңге сомасында пара алуда күдікті болған.

Батырханов мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айрылды.

2. Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осыған дейін Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы А.Н.Тарасовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын.

А.Н.Тарасов лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, белгісіз тұлғаларға автокөлік-газ құю станциясын сату арқылы аталған мемлекеттік мүлікті сатудан түскен 11 млн теңгеден астам қаражатты бюджеттің кірісіне енгізбей, мемлекетке ірі көлемде шығын келтіруде күдікке ілінген.

Сонымен қоса, ол орындалған жұмыстардың актісіне қол қоймау арқылы коммерциялық ұйымның заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтіру және "Орталық саябақтың кіре берісін декоративті безендіру - авторлық жұмыс" нысаны бойынша толық орындалған жұмысқа 80 млн теңге сомасында төлем жүргізуден бас тартуда күдікті болды.

28.05.2020 жылы Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Тарасов орташа қауіпсіз колонияда жазасын өтеумен 3 жыл, 6 айға бас бостандығынан айрылды.

3. 02.06.2020 жылы ШҚО Аягөз аудандық сотының үкімімен "Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ басшысы Б.У.Мұстафаевтың орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойғаны үшін 3 жыл, 6 айға бас бостандығы шектелді.

4. 01.06.2020 жылы Шымкент қ. Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық испекциясының мемлекеттік ветеринар-санитарлық инспекторы - бас маман Б.А. Арапов 6 жылға бас бостандығынан айрылды және "Асыл Ана Ұят" ЖШС ветеринар дәрігері К.А.Шайманбеков 1 116 мың теңге айыппұлға сотталды.

Арапов делдал Шайманбеков арқылы Шымкент қ. Жоғарғы базарының аумағында ет және басқа да ауылшаруашылық тағамдарын сатумен айналысатын жеке кәсікерлерден елдегі төтенше жағдай кезінде кедергісіз сату үшін 1 мыңнан бастап 10 мың теңгеге дейін қаражат алуда күдікті болды.

5. 20.05.2020 жылы Жетісай аудандық сотының үкімімен алдау және сенімге қиянат жасау арқылы арнайы әлеуметтік көмек тағайындау үшін 50 мың теңге көлеміндегі қаражатты иемденген Жаңа ауыл елді-мекені әкімінің орынбасары К.Жұмашев 4 жыл бас бостандығынан айрылды.

6. 26.05.2020 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасымен "СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ бастығы Г.А.Ибраев 3 жыл, 6 айға бас бостандығынан айрылды (Петропавл қаласы сотының 19.03.2020ж. үкімі өзгеріссіз қалды).

Ол діңгекті-антенна жабдықтарын орнату бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпорын директорынан 1 200 доллар сомасында пара алуда күдікті болды.

7. 26.05.2020 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасымен Тимирязев ауданының Тимирязев елді мекенінің әкімі С.О.Байғожин 3 жылға бас бостандығынан айрылды (Тимирязев аудандық сотының 19.03.2020ж. үкімі өзгеріссіз қалды).

Байғожин алаяқтық жолмен Тимирязев аудандық ауруханасының бұрынғы жұқпалы бөлімшесінің үйіндісін жинау және қайта жөндеу жұмысына рұқсат бергені үшін ақша алуға оқталуда күдікті болды.

8. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осыған дейін төтенше жағдай кезінде Семей қаласында шектеусіз жүру үшін автокөліктерге 5 дана рұқсаттама беру үшін 25 мың теңге сомасында пара алу фактісі бойынша "ШҚО Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі" ММ бас маманы К.Т.Қожахметовке қатысты қылмыстық істі өндіріспен аяқтады.

28.05.2020 жылы Семей қаласының №2 сотының үкімімен К.Т.Қожахметов 1 250 мың теңге айыппұлға сотталды.

9. 01.06.2020 жылы Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотының үкімімен Қарағанды қаласының ПБ Октябрь аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Р.С.Шакаровқа кінәсін толық мойындауды ескере отырып, бір жылға бас бостандығын шектеу (тұрғылықты жері бойынша пробациялық уақыт белгілеумен) түріндегі жаза тағайындалды.

Шакаров мүліктік қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу бойынша өз көрсеткіштерін жақсарту мақсатында азамат А.Н.Дуевты кінәсін мойындауға мәжбүрлеуде күдікті болды. Дуев мүлдем қылмыстық құқық бұзушылық жасамаған.

10. 27.05.2020 жылы БҚО Теректі аудандық сотының үкімімен Р.Т.Қуанаев пен Р.К.Ақатов БҚО ПД патрульдік полиция батальонының инспекторларына әкімшілік жауапкерлікке тартпау үшін пара беруде кінәлі деп танылып, оларға параның 10 еселенген сомасы түріндегі жаза тағайындалды.

Жоғарыда аталған үкімдермен сотталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айрылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны