20.03.2020, 23:47 4856

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметкершілерді түзету мекемелеріне апарды

Бүгінгі таңда 3 749 мемлекеттік қызметші жемқорлықтың алдын алуға бағытталған "үрей терапиясынан" өтті.

Алматы. 20 наурыз. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметкершілерді түзету мекемелеріне апарды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап 1 наурызға дейін еліміздің барлық өңірлерінде мемлекеттік қызметшілерді бас бостандығынан айыру мекемелеріне апару шараларын өткізді (Ескерту: елдегі Төтенше жағдайға байланысты аталмыш шара уақытша тоқтатылды).

Жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыс жасауды болдырмау, сонымен қоса мемлекеттік қызметшілер арасында адамгершілік қағидаларын қалыптастыру мақсатында Агенттіктің аумақтық Департаменттері мемлекеттік қызметтің түрлі салаларының басшыларын бас бостандығынан айыру органдарына апарды.

Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың басшылары, аудан әкімдері мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ түрлі деңгейдегі әкімдіктердің басқарма және аппарат бөлімдерінің басшылары түзету мекемелеріне барды.

Бүгінгі таңда 3 749 мемлекеттік қызметші жемқорлықтың алдын алуға бағытталған "үрей терапиясынан" өтті.

Мемлекеттік қызметшілерді алдын ала қамау, бас бостандығынан айыру орындарына апаруға арналған "үрей терапиясын" жүйелі түрде қолдану ерекше әсер қалдыратынын, олардың жемқорлық туралы ойдың өзінен бас тартып, жемқорлық әрекетін жасаған жағдайда қандай салдарға тап болатындығы туралы түсінуіне және сезінуіне мүмкіндік беретінін атап өту қажет.

Шара барысында түзету мекемелерінің қызметкерлері қамаудағы жандардың күнделікті өмірі мен жағдайын боямасыз көрсетті. Тергеу кабинеттерін, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған қылмыскерлерге арналған камераларды, серуендейтін орындарды, қамаудағылар тамақтанып, ұйықтайтын және спортпен шұғылданатын орындарды көрсетті.

Түзету мекемелеріне барғандардың барлығы өздері көрген көріністен қатты үрейленіп, ғимараттан шыққан соң шын мәнінде оның фильмдерден көрген жағдайдан басқаша екенін жеткізді.

Түзету мекемелерінің ішінде ескерту серуендері қылмыстық жауапкершілікке тартылған шенеунік әрістестерді ерекше таңғалдырғанын атап өткен жөн. Тұтқындардың өмірімен ішінен танысқан мемлекеттік қызметшілер заңға деген көзқарастарын түбегейлі өзгертті.

Біздің мақсат - мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық қылмыстарының салдарын көрсету, қамауда отырғандардың өмірімен таныстыру арқылы қазіргі өмірін, отбасы мен жұмысын бағалауға шақыру, әрі қарай сыбайлас жемқорлық істеріне қол салмауға баулу.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны