13.04.2020, 18:23 5236

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорларды іздестірудің тиімділігін арттырды

Биыл сендіру тәсілінің арқасында іздеудегілердің жалпы санының 60% өз еркімен келді.

Алматы. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорларды іздестірудің тиімділігін арттырды.

Қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген азаматтарды іздеу - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмысының маңызды бағыты. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары фигуранттарының басым бөлігі ұры, қарақшы және т.б. секілді қылмыскерлер тобырынан сапалық жағынан ерекшеленеді. Ауқымды іскерлік байланыстар мен қомақты қаржылық мүмкіндіктер оларға "қашу жоспарын" бүге-шігесіне дейін ойластырып, кейін оны іске асыруға мүмкіндік береді.

Алайда тәжірибеден байқағанымыздай, бұл ниеттің табыстылығы көбіне күмән мен қиялға толы. Қашқын қылмыскерлер ақшаның жылдам азаюымен қоса, туған-туыстарымен сөйлесудің тапшылығы мен туған жерін сағынудан бастап кей жағдайда өзіне-өзі қол жұмсау ауруымен ұласатын қорқыныш сезіміне дейінгі моральдік-психологиялық мәселелер жиынтығына тап болады.

Осыған қарамастан, Агенттіктің іздестіру қызметі жетілдіруін жалғастыруда және өзінің тиімділігін паш етуде: ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ғана былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп адам табылды.

Бұл мәселеде қылмыскерлерді беру туралы Қазақстан Республикасы жасасқан 82 екіжақты келісімдер мен шетелдік құқық қорғау органдарымен орнықты байланыстар маңызды рөл атқарады.

Атап айтқанда, таяуда ғана Біріккен Араб Әмірліктерінен "БТА-Банктің" лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша іздеуде болған Ибрагимов қайтарылды.

Қашқындардың жақын туыстарымен және достарымен ынталы әңгімелесу өзін іздеудің біршама ықпалды тәсілі ретінде көрсетті. Осындай кездесулер барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері адамның не үшін іздеуде екенін, оның мемлекет пен қоғамға қандай шығын әкелгенін, егер еркімен келген жағдайда қандай жаза алатынын және өзге де қызықтыратын мәселелерді толық түсіндіреді.

Биыл сендіру тәсілінің арқасында іздеудегілердің жалпы санының 60% өз еркімен келді. Мәселен, ата-анасымен және адвокатпен сөйлескеннен кейін а.ж. 9 қаңтарда білім және ғылым вице-министрі Шаяхметовтің ісі бойынша 5 жыл бойы іздеуде болған, Ресейде жасырынып жүрген Киреев өз еркімен Агенттікке келді. Осындай әңгімелесулерден соң Түркістан облысындағы "Қазығұрт" кеден бекетінде анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша іздеудегі Кунгуратов, Жарқынбеков, Мақажанов Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментіне келді.

Сонымен қоса, Агенттік басқа құқық қорғау органдарына аса қауіпті қылмыскерлерді іздестіру бойынша белсене көмектеседі. Атап айтқанда, прокуратураның қайта тапсырылған іздеестіру ісі бойынша ағымдағы жылдың ақпан айында Алматы қаласында ҚР Ұлттық гвардиясымен бірлескен операция барысында өлімге әкеп соққан ауыр дене жарақаттарын салғаны үшін 2012 жылдан бері іздеуде болған Нысамбаев ұсталды.

Тиімді іздестіру Агенттік жұмысының басты қағидасының бірі - жазаның бұлтартпастығын іске асырудың шешуші факторы екендігін атап өткен жөн.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны