01.04.2020, 14:55 9051

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200-бабы бойынша ұсыныстары қаралды

Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі заманауи байланыс құралдарын қолдана отырып, өзара іс-қимылдың онлайн форматына көшті.

Алматы.1 сәуір. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200-бабы бойынша ұсыныстары қаралды.

Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі заманауи байланыс құралдарын қолдана отырып, өзара іс-қимылдың онлайн форматына көшті.

Осыған орай, Агенттіктің аумақтық департаменттері ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200-бабы негізінде қылмыстық және басқа да құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсыныстарын әлеуметтік желіде онлайн режимде қарау тәжірибесін қолға алды. Ол үшін ұсыныс енгізілген мемлекеттік органға өткізілетін уақыты мен әлеуметтік желінің атауын көрсете отырып, алдын ала хат жолданады.

Қазіргі таңда, еңбек ұжымдарының қатысуымен жиналыстар онлайн форматта Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында өткізілді.

2020 жылдың 20 наурызында Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ (бұдан әрі - Басқарма) басшылық құрамы мен еңбек ұжымының, "Ақжайық - адалдық алаңы" кеңселік жобасының басшысы Ә.Ө.Салиеваның, "Нұр Отан" партиясы БҚОФ өкілі А.Б.Сағатовтың қатысуымен басқарманың бас маманы Д.А .Өтегеновке қатысты қылмыстық іс бойынша ұсынысты қарады.

Өтегенов 2019 жылы қазан айында Казталов және Жаңақала аудандарында облыстық маңызы бар жолдарды ағымдық жөндеу және ұстау бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қою үшін ЖШС өкілінен жалпы сомасы 220 000 теңге пара алуда күдікті болды.

Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында Орал қалалық сотының үкімімен Д.А.Өтегенов ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөліміне сәйкес кінәлі деп танылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырыла отырып, 8 800 000 млн. теңге көлемінде айыппұл төлеу түрінде жазаға сотталды.

Сонымен қатар, 20 наурызда екі тұрғынға әлеуметтік көмек алуға көмектесу үшін 199 мың теңгеге жуық пара алған Жамбыл облысының жұмыспен қамту бөлімінің бас маманына қатысты ұсыныс қаралды.

Қазір бас маман жұмыстан шығарылып, оған 1 млн 400 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдар атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерінің ісін жасырып, оған жалған құжат жасауға жәрдемдескен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміндегі кінәлі басшыларды да тәртіпке жауапкершілікке тарту қажеттілігі туралы ұсыныс енгізді.

26 наурызда Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жамбыл облысының Полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен ұсынысты қарап, Жамбыл облысы полиция департаментінің лауазымды тұлғаларының тәжірибесіне күдіктінің қатысуымен (күдіктілерді ұстау, ұстау және т.б.) барлық тергеу-жедел әрекеттерді міндетті түрде аудио-видео жазу құралдарын қолдану арқылы жүргізуді енгізу туралы ұсынысын қарады.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының полиция бөлімінің ғимаратында орнатылған камералардағы, сондай-ақ видео таңбалауыш пен автокөліктегі бейне жазбаларға апта сайын мониторинг жүргізу арқылы регламентті сақтауға тиісті жауапкершілік пен бақылауды орнату.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны