11.05.2016, 14:42 3885

Т. Дүйсенова АИТВ жұқпалы ауруымен сырқаттанған балалармен кездесті

ҚР Ұлттық музейінде болған кездесу барысында Тамара Дүйсенова жасөспірімдер және қор өкілдерімен пікірлесу кезінде мемлекеттіӊ АИТВ жұқтырған азаматтарды емдеу мен оларды әлеуметтік оӊалтудыӊ барлық шаралары қарастырылып отырғанын атап айтты.

Астана. 11 мамыр. Kazakhstan Today - 8 мамыр күні ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова Оӊтүстік Қазақстан облысынан келген 34 АИТВ-жағымды жасөспірімдермен және аталған балаларды Астанаға әкелген "Балаларды АИТВ-дан қорғау" атты Қоғамдық қайырымдылық қорыныӊ президенті Жанетта Жазықбаевамен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР Ұлттық музейінде болған кездесу барысында Тамара Дүйсенова жасөспірімдер және қор өкілдерімен пікірлесу кезінде мемлекеттіӊ АИТВ жұқтырған азаматтарды емдеу мен оларды әлеуметтік оӊалтудыӊ барлық шаралары қарастырылып отырғанын атап айтты.

"Біз сіздердіӊ әрқайсысыларыӊыздыӊ өз әлеуеттеріӊізді тиімді пайдаланып, армандарыӊыздыӊ орындалатынына үлкен сенім білдіреміз. Бүгінде мемлекет АИТВ жұқтырған азаматтардыӊ толыққанды өмір сүруіне, ЖОО-да білім алып, кәсіп иесі атануына, қызмет жасап, отбасын құруына барлық мүмкіндікті жасап отыр. Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдау шаралары заӊнама жүзінде бекітіліп, медицина саласында жаӊа технологиялар енгізілуде, қоғамдық ұйымдар белсенді түрде шақырылуда", - деді ол.

Өз кезегінде Жанетта Жазықбаева Тамара Дүйсеноваға қор қызметі туралы әӊгімелеп берді. Ал балалар аурумен күресу шаралары туралы, алға қойған мақсаттары мен армандары туралы айтып берді.

Министр барлығына есте қалар сыйлықтар табыс етті.

Тамара Дүйсеновамен болған кездесуден соӊ, Шымкенттен келген қонақтар астананыӊ көрікте жерлерін тамашалады.

Естеріӊізге сала кетейік, 2005-2006 жылдары Шымкент қаласыныӊ медициналық ұйымдарында жасөспірімдер мен кәмелет жасына толмаған балалар емдеу шараларынан өту барысында АИТВ ауруын жұқтырған болатын. Сырқаттанған балалардыӊ ата-аналарына қажетті психологиялық көмек көрсетілді. Барлық балалар бірегей антиретровирусты препараттармен тегін медициналық емдеу шараларын алып, әлеуметтік оӊалтудан өтуде.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны