29.09.2016, 12:52 3676

Т. Дүйсенова: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу медициналық ұйымдардыӊ жоғары санатты мамандарды шақыруға қызығушылығын арттырады

Тамара Дүйсенова МИМС жүйесіне жұмыс берушілердіӊ қатысуы жайында айта келіп, Медициналық сақтандыру қорыныӊ жарнасы корпоративтік табыс салығын (КТС-ті) есептеу кезінде шегерілетінін, кәсіпорындардыӊ қызметкерлер ауырып қалған жағдайдағы шығыны Медициналық сақтандыру қорына төленетін аударым көлемінен артық болуы мүмкін екенін еске салды

Астана.29 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (әрі қарай - МИМС) енгізу мәселелері бойынша аймақтық штаб мүшелері үшін қорытынды семинар өткізді. Селекторлық тәртіпте ҚР ДСИДМ басшысы Жамбыл, Ақмола облыстарыныӊ, Астана және Алматы қалаларыныӊ өкілдерініӊ сұрақтарына толыққанды түсініктеме берді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі хабарлағандай, өз сөзінде Тамара Дүйсенова мемлекеттіӊ құрамына 17 миллион қазақстандықтарды вакциналау, әлеуметтік маӊызы бар ауруларға көрсетілетін медициналық көмек және шұғыл медициналық көмек қызметтері кіретін тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемі пакетініӊ аясында медициналық қызметтермен қамтамасыз ету бойынша қаржыландырудыӊ бүгінгі таӊдағы бар көлемін сақтап қалатынын атап айтты. Сақтандыру медицинасы жүзеге асырылған жағдайда мемлекет Медициналық сақтандыру қорына халықтыӊ әлеуметтік тұрғыдағы осал тобыныӊ 10,1 млн. азаматы үшін жарнаны төлеу міндеттемесін өз мойнына алады.

Сонымен бірге, ҚР ДСИДМ басшысы МИМС жүйесіне қатысуға барша азаматтар қызығушылық танытуы керектігін айтты. МИМС аясында көрсетілетін медициналық көмектіӊ көлемі ИМСҚ-ға төленетін жарна көлеміне тәуелді емес. Еӊ бастысы, жарна үнемі төленіп тұруы тиіс.

Тамара Дүйсенова МИМС жүйесіне жұмыс берушілердіӊ қатысуы жайында айта келіп, Медициналық сақтандыру қорыныӊ жарнасы корпоративтік табыс салығын (КТС-ті) есептеу кезінде шегерілетінін, кәсіпорындардыӊ қызметкерлер ауырып қалған жағдайдағы шығыны Медициналық сақтандыру қорына төленетін аударым көлемінен артық болуы мүмкін екенін еске салды.

Тамара Дүйсенова Жамбыл облысы аймақтық штаб өкілдерініӊ МИМС жүйесіндегі медициналық қызметкерлердіӊ еӊбекақысын арттыру тетіктері жайында сұрақтарына жауап бере келіп, әрбір медициналық ұйымныӊ өз қызметкерлерініӊ еӊбекақысын олардыӊ біліктілігіне, жүктемесі мен көрсететін қызметтерініӊ сапасына қарай өзі реттейтінін хабарлады. Оныӊ айтуынша, аталған тетік жеке медициналық ұйымдарда қолданылады. Бұл білікті мамандардыӊ еӊбегін шынайы бағалауға мүмкіндік береді.

МИМС-ті енгізу барысында барлық медициналық ұйымдар жоғары санатты мамандарды шақыруға қызығушылық танытатын болады. Себебі, медициналық көмек көрсетудіӊ сапасы - Медициналық сақтандыру қорыныӊ медициналық ұйымдардыӊ қызметіне ақы төлеуі барысында басты критерий болмақ.

Сондай-ақ, Министр МИМС жүйесінде пациенттердіӊ бейресми төлемдері өзекті болмайтынын, себебі, сақтандырылған азаматтарға медициналық сақтандыру аясында барлық қызметтердіӊ пакеті кепілдендірілетінін атап айтты.

Бұрындары хабарланғандай, ағымдағы жылғы 19 қыркүйекте Тамара Дүйсенова Батыс Қазақстан облыстары, 21 қыркүйекте Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Маӊғыстау облыстарыныӊ, 22 қыркүйекте Қызылорда, Оӊтүстік Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарыныӊ, 27 қыркүйекте Ақтөбе, Алматы, Атырау облыстары аймақтық штабыныӊ мүшелері үшін семинар өткізді.

Оқыту шаралары аяқталған соӊ, аймақтық штаб мүшелері 1 қазаннан бастап халық арасында түсіндіру жұмыстарын бастайды. Олар жұмыс берушілермен, кәсіпорындар мен ұйымдардыӊ еӊбек ұжымдарымен, бюджеттік сала қызметкерлерімен, ҮЕҰ және кәсіподақ ұйымдарыныӊ өкілдерімен, сонымен қатар, ауылдық жерлердегі түрғындармен кездесулер өткізеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны