16.11.2015, 15:57 4010

Т. Дуйсенова Шымкент қаласыныӊ тұрғындарына жаӊа Еӊбек кодексініӊ нормаларын түсіндіріп, денсаулық сақтау жүйесі және әлеуметтік қамсыздандыру туралы әӊгімелеп берді

қаласына екі күндік жұмыс сапары аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова қала тұрғындарымен кездесіп, жаӊа Еӊбек кодексініӊ нормаларын түсіндірді.

Шымкент. 16 қараша. Kazakhstan Today - Шымкент қаласына екі күндік жұмыс сапары аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова қала тұрғындарымен кездесіп, жаӊа Еӊбек кодексініӊ нормаларын түсіндірді. Сонымен қатар, азаматтық қызметшілердіӊ еӊбекақы төлеу жүйесіндегі өзгерістер туралы, 2016-2019 жылдарға арналған ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ "Денсаулық" жаӊа мемлекеттік бағдарламасы және әлеуметтік қамсыздандыру жайында айтып берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

15 қараша күні Министр облыстық онкологиялық диспансерге, кардиологиялық орталық пен балалар емханасына барды.

Бүгін бюджеттік сала қызметкерлерімен кездесу барысында Тамара Дүйсенова Шымкент қаласыныӊ тұрғындарына 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан енгізілетін азаматтық қызметшілердіӊ еӊбекақысын төлеу жүйесініӊ жаӊа үлгісі туралы айтып берді. Аталған үлгіде азаматтық қызметшілерді біліміне, біліктілігіне, атқаратын қызметініӊ күрделілігі мен дәрежесіне қарай төрт санатқа бөлу көзделген: ұйымныӊ даму стратегиясы үшін жауап беретін және басқару шешімдерін қабылдайтын басқарушы A блогы; ұйымныӊ негізгі функцияларыныӊ іске асырылуын қамтамасыз ететін негізгі B блогы; әкімшілік-құқықтық және шаруашылық функцияларын орындайтын әкімшілік C блогы; қосалқы және техникалық функцияларды іске асыратын қосалқы D блогы.

Еӊбекақы төлеу жүйесініӊ жаӊа үлгісін енгізгеннен кейін біліктілігіне байланысты негізгі қызметкерлер жалақысыныӊ сараланып арттырылуы күтіледі:

- денсаулық сақтау саласында - 7% -дан 28%-ға дейін,

- білім беру саласында - 15%-дан 29%-ға дейін,

- өзге салаларда - 28%-дан 40%-ға дейін.

Сондай-ақ, қызметкердіӊ білім, біліктілік деӊгейіне, еӊбек өтіліне және т.б. қарай өсім сараланатын болады

Министр шымкенттіктерге 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасыныӊ жүзеге асырылу нәтижелері туралы әӊгімелеп берді. Сонымен қатар, негізгі мақсаты қоғамдық денсаулық жүйесін дамыту, аурулардыӊ алдын алу мен басқаруды жетілдіру, денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру мен басқарудыӊ тиімділігін арттыру, ресурстарды тиімді қолдануды қамтамасыз ету және инфрақұрылымдарды оӊтайландыру болып табылатын ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" жаӊа мемлекеттік бағдарламасы туралы да айтты. Бағдарламаныӊ негізгі міндеті 2020 жылға қарай Қазақстан Республикасы тұрғындарыныӊ өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін ұлғайту болып табылады.

Еӊбек ұжымдарымен болған кездесуде Тамара Дүйсенова ағымдағы жылдыӊ 5 қарашасында Қазақстан Парламенті қабылдаған ҚР жаӊа Еӊбек кодексініӊ негізгі нормаларын түсіндірді.

"ҚР Жаӊа Еӊбек кодексі мемлекет жұмыскерлерге берілетін кепілдеме мен өтемақыныӊ еӊ төменгі деӊгейдегі еӊбек стандарттарын анықтап, жұмыс беруші тараптарыныӊ бұл міндеттемелерді орындауын қатаӊ бақылауға алуды қарастырады. Жұмыс беруші мен қызметкердіӊ еӊбек қатынастары көп жағдайда жалдау, кадрлардыӊ орнын ауыстыру, жұмысшыны жұмыстан босату, жұмыс уақыты, еӊбек шарттары мен оныӊ төлемақысы салаларындағы өзара келісім жасау және ұжымдық шарттардыӊ әлеуетін күшейте отырып, өзін-өзі реттеу қағидаларына сай жүзеге асырылатын болады", - деп хабарлады ол.

Министр жұмыс берушілер үшін жалдау, кадрлардыӊ орнын ауыстыру, қызметкерді жұмыстан босату, еӊбек шарттары мен оныӊ төлемақысын анықтау шаралары жеӊілдетілгенін атап айтты. Сондай-ақ, негізгі еӊбек кепілдемелері мен қызметкерлердіӊ құқықтары бекітіліп, оларды ұжымдық, жеке шарттар мен келісімдерді жасау және қызметкерлердіӊ құқықтары мен мүдделерін қорғайтын құралдар арқылы ұлғайту мүмкіндігі қарастырылған. Қызметкерлердіӊ құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында кәсіподақтардыӊ рөлі кеӊейтілді, оныӊ ішінде жақында қабылданған "Кәсіподақтар туралы" Заӊда қарастырылған мүмкіндіктер де есепке алынды.

Кодекс жобасында қарастырылған негізгі жаӊа ережелер:

1. Еӊбек келісімініӊ шарттарын өзгерту шараларын жеӊілдету, әсіресе экономикадағы дағдарыс жағдайында.

Бұл новелла жұмыс беруші қызметкерлер санын қысқартудыӊ орнына толық емес жұмыс уақыты тәртібін енгізу және қызметкерлерді уақытша өзге жұмысқа ауыстыру оӊтайлы болғанда қажетті жағдай жасауды қарастырады.

Мәселен, жұмыс орындарын сақтау мақсатында кәсіпорынныӊ жұмысы тоқтатылған жағдайда (бір айдыӊ орнына) қызметкерлерді уақытша ауыстыру мерзімін анықтау ұсынылады. Сондай-ақ, жұмыс берушініӊ қызметкердіӊ денсаулығына зиян тигізбейтін кез келген бос орынға ауыстыру (кәсіпорынныӊ жұмысы тоқтап тұрған жағдайда) құқығы қарастырылады.

2. Жұмыс берушініӊ бастамасымен "ұйымныӊ экономикалық жағдайыныӊ өндіріс, атқарылатын жұмыс, көрсетілетін қызмет көлемініӊ азаюы салдарынан нашарлауы" негізінде еӊбек шарттарын бұзу негіздемесі енгізілді.

Қолданыстағы Еӊбек кодексі бойынша қызметкерлерді қысқарту "қызметкерлердіӊ штаты мен санын қысқарту" негізінде (қолданыстағы кодекстіӊ 54 бабы 1 тармағыныӊ 2 тармақшасы) жүзеге асырылады. Бұл жағдайда қызметкерге 1 ай бұрын себебін түсіндірусіз хабарландырылады, қысқарту жағдайында бір айлық орташа еӊбекақы көлемінде өтемақы төленеді.

Қазіргі таӊдағы дағдарыс жағдайында жұмыс берушініӊ қызметкерлер санын қысқарту шараларын қолдану ықтималдығыныӊ артуы ескеріліп, жоғарыда аталған негіздеме жеке көрсетілді. Сонымен қатар, еӊбек шартын бұзу мүмкіндігі келесі шарттарды бір мезгілде сақтаған жағдайда туындайды:

- құрылымдық бөлімніӊ (цех, бөлімше) жабылуы;

- қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру мүмкіндігініӊ болмауы;

- еӊбек шартын бұзуға негіз болған экономикалық себептері көрсетілген кәсіподақтыӊ кемінде бір ай бұрын берілген жазбаша ескертпесі.

Қызметкерлерге аталған негіздеме бойынша еӊбек қатынастарын бұзу кезінде айлық еӊбекақы мөлшерінде өтемақы төленетін болады.

Сонымен қатар, жұмыс берушіге зейнет жасына келген қызметкерлермен ҚР Заӊымен белгіленген, бұзу тәртібін нақты реттелген еӊбек шартын бұзу құқығыныӊ берілуі ұсынылады. Жұмыс берушіге жоғары деӊгейдегі кәсіптілік пен біліктілікке ие зейнет жасына жеткен қызметкерлердіӊ жұмысқа икемділігі мен денсаулығыныӊ жағдайын ескере отырып (мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерге ұқсас), жыл сайын еӊбек шартын ұзарту құқығы беріледі.

3. Жұмыс берушіге сынақтан өту мерзімін кез келген қызметкер санатына қою құқығын беру ұсынылады.

Бұл жаӊа ереже қазіргі таӊдағы жұмыс берушілерге 18 жасқа толмаған тұлғалар, ЖОО мен ТКБ-ніӊ түлектері, мүгедектер, бірінші рет жұмысқа кіріскен азаматтар үшін сынақ мерзімін белгілеуге салынған тыйым аталмыш санаттағы азаматтардыӊ жұмысқа орналасуына септігін тигізбеуімен шартталады. Өйткені, әдетте жұмыс берушілер оларды жұмысқа қабылдамайды.

4. Физикалық мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша шешім қабылдау үшін кешенді шаралар қолдану қарастырылады.

Қолданыстағы Заӊға сәйкес мүгедектермен еӊбек қатынастарын ырықтандыру бойынша жұмыс берушініӊ мүгедектерді жұмысқа алу міндеттемелерімен, олардыӊ жұмыс орындарын құралдармен (дене мен ағза функцияларыныӊ бұзылуы мен шектеулерін ескере отырып) арнайы жабдықтаумен, сонымен қатар оларға қосымша демалыс уақытын (15 күннен кем емес), қысқартылған жұмыс уақытын (аптасына 36 сағаттан көп емес) белгілеумен, шамадан тыс жұмыс атқаруға тыйым салумен реттеледі. Тәжірибеде жоғарыда аталған талаптар мүгедектерді жұмысқа орналастыруға толыққанды мүмкіндік бермейді.

Қазақстан Парламентінде ағымдағы жылдыӊ 5 қарашасында мақұлданған "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заӊнамасында жұмыс берушілерге қызметкерлердіӊ жалпы санынан 2-4% құрайтын мүгедектерді жұмысқа қабылдау үшін арнайы жабдықталған жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген квоталарды енгізуді міндеттеу қарастырылады. Сонымен қатар, мүгедектердіӊ жұмыс орнын қажетті арнайы құралдармен жабдықтауға арналған жұмыс берушініӊ шығындарын мемлекеттіӊ субсидиялауы ұсынылады.

Өз кезегінде, мүгедектерді шамадан тыс жұмыстар атқаруға тыйым салуды сақтау қарастырылады. Жұмыс уақыты мен қысқартылған жұмыс уақытыныӊ жалпы есеп (аптасына 36 сағаттан кем емес) нормалары өзгеріссіз қалады.

Осылайша, жұмыс берушіге жүктелген белгілі жүктемені мемлекет, жұмыс беруші және кәсіподақтарға жауапкершілікті бөлу арқылы азайту нәтижесінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру мәселелері шешімін табуға жол ашады.

5. Жаӊа Еӊбек кодексінде қызметкерлерге еӊбекақы төлеу мәселелері бойынша жұмыс беруші өз күшімен (жұмыс берушініӊ актілерін қабылдау арқылы) болмаса, қызметкерлер өкілдерініӊ бастамасымен (ұжымдық шарт жасасу негізінде) қызметкер жалақысыныӊ формасын, жүйесі мен көлемін таӊдау мәселелерін шешу жағдайы қарастырылған.

Осылайша, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдеріне түнгі уақыттағы, демалыс және мейрам күндеріндегі, сонымен қатар, шамадан тыс жұмыс істегені үшін төлемақы мөлшерін еӊбек және ұжымдық шарттар арқылы реттеу ұсынылады. Сонымен қатар, шамадан тыс жұмыс істегені үшін төленетін төлемақы негізгі мөлшерлеме көлемініӊ бір жарым есесінен кем болмауы шарт.

6. Қоғамдық бақылау саласын күшейту ұсынылып отыр. Кәсіподақ ұсынатын қызметкерлер арасынан техникалық инспекторлар институтын құрып, олардыӊ еӊбек қауіпсіздігі мен оны қорғау бойынша тепе-теӊдік негізінде құрылатын өндірістік кеӊестер аясында құзіреттілігін қарастыру ұсынылады.

Аталған кеӊеске төмендегідей қызмет түрлерін жүктеу көзделген: еӊбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушілер мен қызметкерлердіӊ ортақ қызметін ұйымдастыру, жұмыс орындарындағы еӊбекті қорғау шарттарын тексеру, қызметкерлерге оныӊ нәтижесі туралы хабарлау

Өндірістік кеӊесті тепе-теӊ шарттар негізінде қызметкерлер өкілдері мен жұмыс беруші 2 жыл мезгілдік ауысу негізінде басқаратын болады. Жұмыс беруші үшін өндірістік кеӊестіӊ шешімі міндетті болады.

Қала және аудан әкімдерініӊ орынбасарлары, облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасыныӊ өкілдерімен болған кеӊесуде Тамара Дүйсенова азаматтарды еӊбекпен қамту мәселелерін талқылады. Ол аймақтық жұмыспен қамту кешенді жоспарыныӊ аясында 311,6 мыӊ адам жұмысқа орналастырылғанын, бұл жоспарланған көрсеткіштіӊ 102% құрайтынын атап өтті. Сондай-ақ, "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасыныӊ аясында 118,3 мыӊ адам жұмыспен қамтылды.

Министр жергілікті атқарушы органдарына әрбір жұмыспен қамтылған азаматқа зейнетақы аударылымдарыныӊ түсіп тұруын бақылау қажеттілігін атап айтты.

Сонымен қатар, Тамара Дүйсенова ҚР ДСИДМ Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығыныӊ облыстық филиалы мен бөлімшелерініӊ, Еӊбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аймақтық департаменттерініӊ, медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімдерініӊ, еӊбекті қорғау бойынша республикалық ғылыми-зерттеу институты филиалыныӊ басшыларымен, сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен, зейнеткерлермен, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу барысында арнайы әлеуметтік көмек туралы түсіндіріп берді.

Естеріӊізге сала кетейік, 10-11 қараша күндері Министр Астана қаласында түсіндіру кампаниясын өткізген болатын. Қараша айыныӊ соӊына дейін Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Ақтөбе және Павлодар қалаларына барады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны