16.08.2019, 19:08 11856

Түркістан облысы Ордабасы ауданында күркетауық ұрлап оңай олжаға кенелмекші болған күдікті құрықталды

Бүгінгі таңда, күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің ісі дәлелденіп, барлық жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

Нұр-Сұлтан.16 тамыз. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың тамыз айының ортасында Түркістан облысы Ордабасы АПБ-не Шымкент қаласының тұрғыны арызданады. Ол өз арызында, Ордабасы ауданының маңындағы қорасынан 100-ге жуық күркетауығын белгісіз біреулердің қолды болдырғандығын айтқан. Жәбірленушіге жалпы сомасы 500 мыңнан астам теңге шығын келтірілген.

Аталған жайт бойынша ауданның криминалдық полицейлері мен учаскелік полицейлері бағыт алып, қажетті шараларды іске асырады. Ауданның барлық аймағын тінтіп, тұрғындар арасында сұрақ-жауаптар жүргізеді.

Нәтижесінде, Ордабасы АПБ-нің қырағы сақшылары 1 күнде қылмысты ашып, жасы 40-қа таяған жергілікті тұрғынды құрықтайды. Тексере келе, ұсталған азаматтың бұрын жәбірленушінің күркетауықтарын бағып, жалдамалы бақташы болып жұмыс істегені белгілі болады. Сонымен қатар, күдікті жымқырған күркетауықтарын Шымкент қаласындағы базарлардың біріне алып барып, арзан бағада сатып жіберген.

Бүгінгі таңда, күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің ісі дәлелденіп, барлық жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

Ордабасылық полицейлер, мүлікке сақтықпен қарап, қауіпсіз әрі сенімді аймақта ұстау керектігін айтады. Сонымен қатар, олардың тұрғын жайларын да мықтап бекітуді естен шығармаған дұрыс. Егерде сіз дәл осындай жағдайға тап болсаңыз немесе құрбанына айналсаңыз міндетті түрде полицияның жедел желісі "102-ге" қоңырау шалып, сақшыларға хабар беріңіз. Бұл өз кезегінде полицейлердің қылмысты ізін суытпай ашып, қылмыскерді дер кезінде құрықтауына септігін тигізеді, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны