11.06.2019, 19:37 8656

Түркістан облысы полицейлері кәріз люктерін ұрлаумен күресуде

Мысалға, 2019 жылдың 12 айында 51 қақпақ ұрланып тіркелсе, биылғы жылдың 3 айында 2 қақпақ ұрланған. Оның 1-і ашылды. Ұрланған су құбырларының темір қақпақтарын металл қабылдайтын орындар алып, өңдеп, ерітіп, металл ретінде басқа да орындарға сатып жіберуде. Сол себепті кәріз люктерін ұрлаудың ашылу деңгейі төмен.

Түркістан. 11 маусым. Kazakhstan Today - Түркістан облыстық полицейлері қара және түсті металл қабылдайтын орталықтарды үнемі тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2019 жылғы 20-ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген "Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған бағдарламасын" іске асыру барысында, 2018 жылдың 12 айында барлығы 50-ден астам су-кәріз құбырларынының темір қақпашаларын ұрлау жайты орын алған. Оның 23 қылмысы ашылған. Жедел алдын алу іс-шаралары барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері кәріз қақпақтарын ұрлаушыларды қолға түсіруде. Бақылау қатаң түрде жүргізіліп, қақпақты жымқыру тыйылуда.

Мысалға, 2019 жылдың 12 айында 51 қақпақ ұрланып тіркелсе, биылғы жылдың 3 айында 2 қақпақ ұрланған. Оның 1-і ашылды. Ұрланған су құбырларының темір қақпақтарын металл қабылдайтын орындар алып, өңдеп, ерітіп, металл ретінде басқа да орындарға сатып жіберуде. Сол себепті кәріз люктерін ұрлаудың ашылу деңгейі төмен.

Біздің ойымызша, мықты металл-шойыннан жасалған қақпақтарды жымқырып, пайда табудың көзіне айналдырғандар өзгені ойламайтын санасыздар. Беті жабылып тұрған құдықтардың қақпақтарын ұрлап жетімсіреткен күдіктілер мен оны арзан бағаға сатып алған кәсіпкерлерде қылмыскерлер. Өйткені аталған қылмыс орын алған жағдайда, басқа жандардың өміріне қауіп төнеді. Сондай-ақ, қоршаған ортаның, қаланың сұлулығына нұқсан келтіреді. Түркістан облысы полицейлері облыс тұрғындары мен қонақтарын кәріз ұрлаушылармен бірлесе күресуге шақырады. Сіз тұратын аулаңыздағы құдықтың қақпағын ұрлап жатқанын байқасаңыз немесе жоқ екенін көрсеңіз бейғам болмай, тез арада полицияның "102" телефонына хабар беріңіз.

ТО ПД баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны