03.08.2019, 00:46 19823

Түркістан облысы полицейлері тұрғынның жоғалған 3 жылқысын тауып берді

Алайда, кезекті бір жылқыларын түгендеуге барған кезде, 3 жылқысының жоқ екенін көреді. Осы сәтте тұрғын уақыт оздырмай, тез арада учаскелік полиция инспекторларына хабар береді.

Нұр-Сұлтан. 3 тамыз. Kazakhstan Today - Түркістан облысы полицейлері тұрғынның жоғалған 3 жылқысын тауып берді.Бәйдібек ауданының жергілікті тұрғыны жылқыларын жайылымға күнделікті қараусыз жіберіп, таңертең-кешке ғана барып тексеріп тұрған. Алайда, кезекті бір жылқыларын түгендеуге барған кезде, 3 жылқысының жоқ екенін көреді. Осы сәтте тұрғын уақыт оздырмай, тез арада учаскелік полиция инспекторларына хабар береді.

Тұрғынның шағымы бойынша оқиға орнына Бәйдібек АПБ-нің ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитаны Бақытбек Мақұлбеков пен полиция аға лейтенанты Бағдат Абилқасымовтар шұғыл жетіп, мән-жайды анықтайды. Жәбірленушімен бірге жақын аймақтардың барлығын тексеріп, тоғайларда іздестіру шараларын жүргізіп, күні-түні жедел-әрекет етуі нәтижесінде 1 күн ішінде 3 бас жылқыны табады. Қараусыз жүрген жылқылар, көрші жайылымдарда жайылып жүргендігі белгілі болды.

Өз кезегінде жылқыларын жоғалтып алған тұрғын, хабар алысымен өзімен бірге малдарын іздестіріп, тез арада тауып берген полицейлерге алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға малдарыңызды жайылымда қараусыз қалдырмай, мүмкіндігінше сенімді бақташы жалдауға кеңес береді. Сондай-ақ, малдарыңыз тұратын қора-жайларды мықтылап бекітіп, аулаңызға бейнебақылау, дабылққаққыш орнатыңыздар деп ескертеді. Мұндай жағдай жасалатын болса, барымташылардың жолын кесіледі. Ал, егер малыңызды ұрлатып немесе осындай қылмыстың куәгері болсаңыз полицияның "102" телефонына хабар беріңіздер, деп хабарлайды ТО ПД-нің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны