18.04.2019, 23:28 21695

Түркістан облысы Жетісай ауданында кәмелеттік жасқа толмаған апалы-сіңлі үш қыз балаға дене жарақатын келтірген әйел қамауға алынды

Күдікті уақытша оқшаулау орнына қамалды. Бұл қылмыстық іс Ішкі істер министрі мен облыс прокурорының бақылауында.

Түркістан. 18 сәуір. Kazakhstan Today - 2019 жылғы 11 сәуір күні Түркістан облысы Жетісай аудандық орта мектеп директоры аудандық білім бөліміне аталған мектепте оқитын кәмелеттік жасқа толмаған апалы-сіңлі үш қызда дене жарақаты бар екенін хабарлаған.

Ертеңіне, яғни 12 сәуір күні аудандық полиция бөлімінің тарапынан ҚР Қылмыстық Кодексінің 140 бабы, 2 тармағы бойынша (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Қазіргі таңда балалар Жетісай аудандық орталық ауруханасында дәрігерлер қарауында. Олардың денсаулығы мен өміріне еш қауіп жоқ.

Аталған істі Облыс прокуроры өз бақылауына алды. Күдікті азаматшаға қатысты шектеу шаралары қолданылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Құзырлы органдар Жетісай ауданындағы бір отбасындағы балаларға дене жарақаты келтірілгенін анықтады. Бұл факті Жетісау ауданы полиция бөлімінде тіркелді. ҚР ҚК-нің 140-бабы "Кәмелет жасқа толмаған баланы тәрбиелеуге қатысты міндеттерін орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдікті уақытша оқшаулау орнына қамалды. Бұл қылмыстық іс Ішкі істер министрі мен облыс прокурорының бақылауында.

Түркістан облысы Полиция департаменті кәмелеттік жасқа толмағандарға күш көрсету әрекеттері бейнеленген фото және бейнематериалдарды әлеуметтік желілер арқылы таратуға ҚР ҚК-нің 147-бабы "Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу" бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны