01.12.2019, 18:55 20466

Түркістан облысында 1424 Call-орталығына түскен хабарлама бойынша мектеп директорына қатысты тергеу басталды

Ол оқытушы ретінде жұмысқа орналастыру үшін азаматтан 100 мың теңге сомасында пара алғаны үшін күдікке ілінді.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Түркістан облысында 1424 Call-орталығына түскен хабарлама бойынша мектеп директорына қатысты тергеу басталды.

Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 1424 Call-орталығына түскен хабарламаны тексерудің нәтижелері бойынша Жетісай ауданы орта мектебінің директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша тергеу бастады.

Ол оқытушы ретінде жұмысқа орналастыру үшін азаматтан 100 мың теңге сомасында пара алғаны үшін күдікке ілінді.

Күдіктінің өз кінәсін мойындауына, оның және қорғаушысының сотқа дейінгі тергеуді жеделдетілген тәртіпте аяқтау туралы өтінішіне байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдікті кінәсінің деңгейі туралы соңғы шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны