31.01.2019, 13:16 18236

Түркістан облысында 2018 жылғы қаңтар-қарашада халықтың табиғи өсімі 40 815 адамды құрады

2018 жылғы қаңтар-қарашада көші-қон мекемесі тіркеген облысқа келген халықтың саны 92 678 адамды құраса, оның 40 189 адамы - Қазақстанның басқа облыстарынан, 518 - ТМД елдерінен, 19 адам - алыс шет елдерден келгендер.

Түркістан. 31 қаңтар. Kazakhstan Today - Өткен 2018 жылы Түркістан облысындағы халықтың саны 3,5 мыңнан астамға артып, халық саны өскен. Табиғи өсім бойынша елімізде көш бастаған облыстағы статистикалық ахуал бойынша облыстық статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында баяндады.

Мәліметінше, 2018 жылғы 1 желтоқсанға Түркістан облысы халқының саны 1 977 768 адамды құраса, соның ішінде қалалық жерде 387 214 адам (19,6%), ауылдық жерде 1 590 554 адам (80,4%) өмір сүреді. Яғни, 2017 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда халық саны 3 354 адамға немесе 0,2% өсті.

"Облыста 2018 жылғы қаңтар-қарашада халықтың табиғи өсімі 40 815 адамды құрады және 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3%-ға (1 188 адамға) артты. Республика бойынша біздің облыс туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша 1 орында. 2018 жылдың қаңтар-қарашасында облыс туу бойынша республика деңгейінде алдыңғы қатарда көрінді, оның үлесі 13,6%-ды немесе 49 978 туылғандарды құрады. (2017 жылғы қаңтар-қарашада - 49 077 бала туды). 2018 жылғы қаңтар-қарашада 1000 қыз балаға 1062 ұл бала туылды, бұл жерде ұл балалардың көп туу ағымы әлі де сақталуда. Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 9 163 адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 3%-ға аз. (2017 жылғы қаңтар-қарашада - 9 450 адам)", - деді Айдар Ахметбекұлы.

2018 жылғы қаңтар-қарашада көші-қон мекемесі тіркеген облысқа келген халықтың саны 92 678 адамды құраса, оның 40 189 адамы - Қазақстанның басқа облыстарынан, 518 - ынтымақтастық елдерінен, 19 адам - алыс шет елдерден келгендер. Облыс ішіндегі көші-қон 51952 адамды құрады. 2017 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда Қазақстанның басқа облыстарынан келгендердің саны - 70,9%-ға, ал ТМД елдерінен келгендердің саны - 29,2%-ға, ал шет елдерден келгендердің саны 2,1 есеге артқан.

Сондай-ақ, өткен жылы Түркістан облысы халқының орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 42 829 теңгені құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,8%-ға, ал нақты ақшалай табыс 6,9%-ға өскен. Ал халықтың ақшалай табыстарының басты көзі - еңбек қызметінен түскен табыстар, олар барлық ақшалай табыс түсімдерінің 79,2%-ын құраған, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны