11.02.2019, 20:21 12991

Түркістан облысында биылғы алғашқы үшем дүниеге келді

Дәрігерлер аман алып қалған үш ұл бала өкпесі дұрыс дамымай туғандықтан үшеуі бірдей жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Төрт күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан үшемнің беті бері қарап, алдағы бір айды арнайы күтім жасайтын бөлімшеде өткізді.

Түркістан. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Түркістан облысында биылғы алғашқы үшем дүниеге келді. №1 Облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері небәрі бір жарым, екі келі салмақпен туған нәрестелерді 20 күн бойы қадағалап, жетілдіріп барып бүгін перзентханадан шығарды.

Қазығұрт ауданының Қазығұрт ауылынан №1 Облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілген 29 жастағы Жадыра Абдалиеваға шұғыл түрде ота жасалып, дәрігерлердің көмегімен босанған. Үшеуі де ұл бала.

"Айы-күні толмай туған сәбилердің салмағы небәрі (1700 грамм, бойы - 40 см, 2000 грамм, бойы - 42 см, 1700 грамм - бойы 48 см). Дәрігерлер аман алып қалған үш ұл бала өкпесі дұрыс дамымай туғандықтан үшеуі бірдей жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Төрт күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан үшемнің беті бері қарап, алдағы бір айды арнайы күтім жасайтын бөлімшеде өткізді. №1 облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлерінің қатаң бақылауында болған нәрестелердің әрқайсысы осы уақыт ішінде салмақ қосқан", - дейді орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Гүлжанар Идерова.

Айта кетейік, үшем ата-анасының тұңғыштары. Жадыра Абдалиеваның жақындары сәбилерді Аян, Саян, Аман деп атаған. Бүгінде нәрестелердің өміріне еш қауіп жоқ.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны