Система Orphus

Түркістан облысында газ құю бекеті қызметкерін тонаған күдікті құрықталды

15.10.2019, 18:56 7156

Нұр-Сұлтан. 15 қазан. Kazakhstan Today - Түркістан облысында газ құю бекеті қызметкерін тонаған, сотты болған күдікті құрықталды.

Жетісай аудандық полиция бөліміне қыркүйек айының 17-сі күні таңғы 03:30-дар шамасында ауданда орналасқан газ құю бекетінің операторы хабарласып, белгісіз азаматтардың кенеттен шабуыл жасап, ұрып-соғып, қалтасындағы ақшасын күшпен алып кеткендігін жеткізген. Арыз келіп түскеннен бастап жедел әрекет еткен аудандық полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы "Тонау" бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізеді. Жәберленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 28 мың теңге.

Жетісай АПБ-ның полицейлері оқиға орнына барып тексеріп, сонымен қатар аудан тұрғындарының, куәгерлердің арасында сұрастыру жұмыстарын жүргізеді. Осылайша жедел жүргізілген іздестіру іс шаралары кезінде аталған тонау қылмысына күдікті Жетісай қаласының 2 тұрғыны құрықталды. Сонымен қатар, полицейлер ұсталған азаматтардың бірінің 2011 жылы "тонау" бабымен сотты болғандығын анықтады.

Тергеу барысында белгілі болғандай, газ құю бекетінде оператор болып істейтін азаматтың бірі, яғни күдіктінің бірінің туысы және оған қарыз болған. Жиыннан ішімдікке сылқия тойып алып шыққан күдікті сол туысынан қарызын алмақшы болып газ құю бекетіне сыбайласымен бірге келген. Алайда, туысын таба алмағаннан соң бекетте жұмыс істейтін екінші бір оператордың қалтасындағы ақшасын күштеп, ұрып соғу арқылы 28 мың теңгені алып кеткен. Ол ақшаның 14 мың теңгесі күдіктілерден айғақты зат ретінде алынып, иесіне қайтарылды.

Бүгінгі таңда аталған жайтқа қатысты барлық құжаттар сараланып, дәлелін тауып, аудандық сотқа жолданды, деп хабарлайды ТО ПД-ның баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны