03.04.2020, 17:01 6208

Түркістан облысында коронавирус індетінен Жетісай қаласының 1956 жылғы зейнеткер азамат қайтыс болды

Жалпы, облыс бойынша бүгінгі күнге коронавирус инфекциясын жұқтырған 23 адам расталды.

Алматы. 4 сәуір. Kazakhstan Today - Түркістан облысында коронавирус індетінен Жетісай қаласының 1956 жылғы зейнеткер азамат қайтыс болды. Науқас 29 наурызда ауруханаға жатқызылған. Коронавирус негізінде пневмониямен ауырған. Гипертония, қант диабеті секілді қосалқы ауруы болған. Азамат 15 наурызда Алматы қаласынан келгенін жасырып, үйінде өз бетінше емделген.

Барлық сынамалар алынып, емдік шаралары жүргізілді. Өкінішке қарай, науқастың жағдайы нашарлап бүгін таңертең көз жұмды.

Жалпы, облыс бойынша бүгінгі күнге коронавирус инфекциясын жұқтырған 23 адам расталды.

Оның ішінде Жетісай ауданында - 11, Кентау қаласында 2, Арыс қаласы - 1, Ордабасы, Сарыағаш - 1, Мақтаарал - 4, Сайрам ауданында - 2 адамнан вирус анықталды.

Олар осыған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған.

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны