24.03.2019, 18:20 5267

Түркістан облысында Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен балалар қауіпсіздігіне арналған бір айлық іс-шара өткізілуде

Сондай-ақ, жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекетті жетілдіру мақсатында мектеп мұғалімдері мен оқушыларына сейсмикалық жаттығулар өткізілді. Онда апат кезінде мектеп ғимаратынан адамдарды көшіру, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету іс-әрекеттерін пысықтады.

Түркістан. 24 наурыз. Kazakhstan Today - Түркістан облысында Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен балалар қауіпсіздігіне арналған бір айлық іс-шара өткізілуде. Жиынның мақсаты - азаматтық қорғау саласындағы біліктілікті насихаттау, төтенше жағдайлардың алдын алуды іске асыру, оқушыларға қауіпті жағдайда өзін-өзі ұстау ережелерін үйрету. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Рауан Усербаев мәлімдеді.

Оның сөзінше, шара 30 наурызға дейін өңіріміздің барлық аудан, қалаларында жалғасатын болады.

"Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының қарарына сәйкес, көктемнің алғашқы күні 1 наурыз Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні болып бекітілген. Бұл бойынша Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан арнайы жоспар әзірлеген. Қазіргі таңда облыстағы барлық білім ұяларында және мектепке дейінгі білім мекемелерінде айлық іс-шаралар өткізілуде. Түрлі апаттардан қорғануда бұл жұмыстардың қоғамға пайдасы мол", - деді Рауан Алтынсарыұлы.

Азаматтық қорғанысты нығайтуға бағытталған шара алдымен Түркістан қаласындағы №2 "Хамза" атындағы жалпы орта мектебінде өткізілген. Онда 48 мектептен 3 мыңға жуық оқушы қатыстырылды. Жиын барысында оқушылар эстафета, интерактивті сабақтар және сейсмикалық жаттығуларға қатысып, техникалар мен авариялық құтқару құралдарының көрмесімен танысты.

Интерактивті сабақта балалар азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі және жалпы азаматтық қорғау саласындағы көптеген жаңашылдықтарды үйренді. Эстафета кезінде оқушылар өрт қауіпсіздігі, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, азаматтық қорғау салаларындағы білімдерін, спорттық қабілеттерін көрсете білді. Яғни, өрт сөндіргішті дұрыс пайдалану, жарақат алған адамға бірінші көмек көрсету, газқағарды қолдану сияқты эстафетаның сынақтарынан өтті.

Сондай-ақ, жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекетті жетілдіру мақсатында мектеп мұғалімдері мен оқушыларына сейсмикалық жаттығулар өткізілді. Онда апат кезінде мектеп ғимаратынан адамдарды көшіру, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету іс-әрекеттерін пысықтады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны