Түркістанда Қажымұқан Мұңайтпасовтың 149 жылдығына арналған турнир өтеді
Түркістан. 14 мамыр. Kazakhstan Today - Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың дәстүрлі халықаралық турнирі биыл 17 мамыр күні басталып, 3 күнге созылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ордабасы ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен облыстық спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев мәлімдеді. Дәстүрлі турнир қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуаны, орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлынын ұрпақ жадында жаңғыртып отыруға бағытталған. Ол - 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған жауырыны жерге тимеген батыр.
"ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәңгілік ел болу мұраты бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана жүзеге асатынын үнемі айтып келеді. Тарихта есімі алтын әріптермен жазылған ұлы тұлғаларды дәріптеу - осы сабақтастықты жалғастыру болмақ. Қажымұқан Мұңайтпасов - барша қазақтың мақтанышы. Оның ерлігі, елдің атын әлемге танытуға сіңірген еңбегі ұшан теңіз. Өмірінің соңғы күндерін Ордабасыда өткізіп, осы қасиетті мекенді мәңгілік тұрағы еткен палуанды бүгінде Ордабасыдан бөле жара сөз ете алмаймыз. Күш атасының асыл сүйегі жатқан ауданымыздан әлемдік, халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген балуандар Ұлас Момынов, Нұрлан Асылов, Дәулет Байжігітов, Қуат Байқожаев, Елтай Сыдықов, Оңғар Үндемесов, Оңдыбай Үндемесов, Сейдахмет Қонақбаев сынды жігіттер Қажымұқанның ізімен жүрді ", - деді Ордабасы ауданының әкімі.
Бүгінде ауданда атақты балуан болсам деген арманның жетегінде өсіп келе жатқан жеткіншектердің көптігі де - көңілге медеу. Жұманазар Ерсұлтанов, Әділжан Ыстыбаев, ағайынды Ғұмар, Ғұсман Қырғызбаевтар, Абзал Арыстанбек талай дүбірлі додадан топ жарып, Ордабасы өңірінің мерейін тасытып жүр.
Биылғы дода да ең мықтыны анықтаумен қатар, қазақ күресінің даму сатысындағы тағы бір баспалдаққа көтерілуінің көрінісіне айналмақ. Қажымұқан Мұңайтпасовтың 149 жылдығына арналған 55-турнирге 5 мемлекеттен 200-ден астам спортшы қатысады деп жоспарлануда.
Жалпы Ордабасы жерінен ҚР еңбегі сінген 6 жаттықтырушы, 3 спорт қайраткері, күрестен 100-ден аса спорт шебері, бірнеше халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем біріншіліктерінің, Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері шыққан.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады
Қазгидромет" РМК болжауынша:
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда жылу желілерін жөндеу кезінде Батыс Желтоқсан көшесі бойынша жол жүру ішінара шектеледі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша МӘСҚ-тен 840 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Елімізде екі апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасы төмендеуде
Еліміздің сегіз өңірінде ӘМАТ-тың орташа баға индексі төмендегені байқалып отыр, оның алтауында нөлге тең. Ақтөбе облысында (0,8%-ға), Маңғыстау, БҚО (0,2%-ға), Атырау, Қарағанды және Абай облыстарында (0,1%-ға) бағаның біршама көтерілуі тіркелген", - деп атап өтті сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.
Алдын ала есептеулер бойынша, өңірлерде 130 сауда нысаны зардап шегіп, Павлодар облысының бір кәсіпкеріне келтірілген шығын өтелді. Қалғандары бойынша шығынның мөлшерін анықтау жұмыстары жүргізілуде, Петропавлға Көкшетау, Астана, Қарағанды және Омбы қалаларынан ауыз су жеткізу жұмыстары ұйымдастырылды. Тәулік бойы ауыз су құю туралы келісімге "Көкшетауминсу" мекемесімен қол жеткізілді. Қазіргі таңда Петропавл қаласының барлық дүкендері мен қоймалары сумен қамтылған", - деді Айжан Бижанова.
БҚО-дағы азық-түлік қорлары бар қойманы су басу қаупі аз болса да, қауіпсіз орын тауып, азық-түлікті әкету керек. Аздаған қауіп байқалған барлық өңірлерде азық-түлік өнімдері қауіпсіз жерге жеткізілуі тиіс", - деп мәлімдеді вице-премьер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда жыл сайынғы жылу желілерін сынау өткізіледі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда "Алматы-1" базарын жаңғырту қолға алынған
Алматы-1" базары 1938 жылдан бастап жұмыс істейді. Ауданы 7 мың шаршы метр, онда жылыту және инженерлік желіге қосылмаған контейнерлік типтегі 570 сауда нүктесі бар. Өткен ғасырдың 40-50-ші жылдарында салынған базар ғимараттары тозған және қауіпсіздік стандартына сәйкес келмейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері аталды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Астанадағы экоакцияға қатысушылар арасында фитнес-клубқа абонементтер ойнатылады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
24.04.2024, 10:30Есірткі саудасының 50 пайыздан астамы Астана, Алматы және Алматы облыстарына тиесілі - ҚМА 24.04.2024, 10:36 26036Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады24.04.2024, 16:57 15566Көктемгі дала жұмыстарына қосымша 400 миллиард теңгеге дейін қаражат тартылады24.04.2024, 18:04 14071Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады24.04.2024, 18:12 13806Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді
18.04.2024, 12:51 107536"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес18.04.2024, 16:22 103506Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді18.04.2024, 22:15 102796Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады19.04.2024, 11:11 98061Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге үкімет қандай көмек көрсетеді19.04.2024, 18:42 94321Көлік прокуратурасы 900-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғады
04.04.2024, 16:35 121316Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды04.04.2024, 16:30 121056Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады18.04.2024, 12:51 107536"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес04.04.2024, 16:25 105921Тоқаев су тасқыны туралы: бұл бұрын-соңды болмаған табиғи апат18.04.2024, 16:22 103506Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді