03.06.2019, 21:50 10799

Түркістанда бір айдың ішінде екі үшем өмірге келді

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде үш үшем дүниеге келген. Екі ана Түркістан қаласында, тағы бір ана Шымкент қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта босанған.

Түркістан. 3 маусым. Kazakhstan Today - Түркістанда екі бірдей ана үшем босанып, бүгін перзентханадан шығарылды. Бір айдың ішінде екі үшемнің өмірге келуі облыс орталығында алғаш рет тіркеліп отыр.

Түркістан облыстық №3 перинаталдық орталықта босанған Динара Нарханова үш ұлды өмірге әкелді. 1-мамыр күні мерзімінен ерте босанған 27 жастағы келіншектің нәрестелері 1820 гр, 1800 гр, 1730 гр болған. Дәрігерлер алғашқы кезде шараналардың жағдайы ауыр болғанын айтады. Оларды жасанды тыныстану аппаратына қосып, бір ай көлемінде денсаулықтарына ерекше күтім жасаған. Қазір жағдайлары жақсарып, салмақтары екі келіден асқан. Жасанды ұрықтандыру жолымен жүкті болған келіншек балаларының есімдерін Икрам, Ислам және Имран қойыпты. Бұған дейін бір қызы бар отбасының перзенттері осылайша төрт балаға көбейді.

Ал, екінші үшемдерді босанған Сайера Туклиева 29 жаста. Бірлік ауылында тұратын келіншек 27 мамыр күні босанған. Кесарь тілігі арқылы екі қыз бен бір ұлды өмірге әкелген жас ананың үйінде тағы үш перзенті бар. Нәрестелері де айы күніне толып, бүгін өз үйлеріне жіберілді.

Бүгін қос ана мен нәрестелеріне облыстық әкімдіктің атынан сый-сыяпаттар жасалды. Әр нәрестеге арба мен керуеттер, киім-кешектер мен ойыншықтар табысталды. Өз кезегінде облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев сәбилердің алдағы уақытта да ерекше күтімге алынатынын айтады.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде үш үшем дүниеге келген. Екі ана Түркістан қаласында, тағы бір ана Шымкент қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта босанған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны