09.05.2019, 15:07 12198

Түркістанда Отан қорғаушылар күніне орай азық-түлік тауарларының жәрмеңкеcі өтті

Облыс орталығы Түркістан қаласында азық-түлік жәрмеңкесін ұйымдастыру игі дәстүрге айналып отыр.

Түркістан. 9 мамыр. Kazakhstan Today - Түркістанда Отан қорғаушылар күніне орай азық-түлік тауарларының жәрмеңкеcі өтті. Ұйымдастырушысы - Түркістан қаласының әкімдігі.Оған қаланың 12 тауар өндірушілері қатысып, 2 тоннаға жуық 30-дан астам өнім түрі ұсынылды. Нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағада саудаланған тауарлар алушылардың көңілінен шықты.

Облыс орталығы Түркістан қаласында азық-түлік жәрмеңкесін ұйымдастыру игі дәстүрге айналып отыр. Бұл - қала тұрғындары мен ауыл еңбеккерлері үшін өте тиімді. Ең бастысы, экологиялық таза, құнарлы да сапалы өнімдер тұрғындардың денсаулығына пайдалы, баға мәселесі де қолайлы. Сондай-ақ, жәрмеңке әр аптаның соңында және мереке күндері өтетін болады деп күтілуде.

Жәрмеңке сөрелерінен Түркістан қаласының шаруа қожалықтары мен жергілікті кәсіпкерлердің өнімдері: ет, сүт, қаймақ, қымыз, шұбат, жұмыртқа, өсімдік майлары, көкөніс пен жемістің сан алуан түрлерін арзандатылған бағада сатып алуға мүмкіндік мол.

9 мамыр "Жеңіс күні" қарсаңында сағат 10.00 мен 15.00 аралығында өз жалғасын табатын жәрмеңке алдағы уақытта тағы да ұйымдастырылатын болады. Өтетін орны мен уақыты жөнінде көпшіліктің назарына қосымша хабарлайтын боламыз, деп жазады Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны