18.07.2026, 10:53 60066

Түркістанда"Шәмші әндері"шығармашылық фестивалі өтті

Түркістанда"Шәмші әндері"шығармашылық фестивалі өтті
Сурет: gov.kz
18 шілде күні сағат 19:00-де Түркістан қаласындағы "Керуен Сарай" кешенінде көрнекті қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған "Шәмші әндері" шығармашылық фестивалі өтеді.

Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, фестивальдің басты мақсаты - композитордың музыкалық мұрасын насихаттау, жас орындаушыларды қолдау және көрермендерді оның әйгілі шығармаларымен таныстыру болып табылады.

Концерттік бағдарламаға қазақстандық эстраданың танымал әншілері мен жас орындаушылар қатысып, ұлы композитордың көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерін орындайды. Сонымен қатар, фестиваль қонақтары үшін арнайы интерактивті бағдарламалар ұйымдастырылады деп күтілуде.

Ұйымдастырушылар Түркістан тұрғындары мен қала қонақтарын фестивальге қатысып, қазақ музыкасының алтын қорына енген Шәмші Қалдаяқовтың әндерін бірге тамашалауға шақырды.  

 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны