25.03.2020, 14:32 9677

Төтенше жағдай кезеңінде заңдылық пен тәртіптің сақталуы туралы

Жалған ақпарат таратқаны үшін, Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделетінін ескертеміз.

Алматы. 25 наурыз. Kazakhstan Today - Коронавирусты инфекцияның пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап елдің барлық аумағында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Бас прокуратура түсіндіріп өткендей, үрейге салынбау, сабырлық таныту, заңдылықты сақтау, уәкілетті органдардың талаптарын орындау, тыйым салу және шектеу шараларын сақтау, жалған хабарламаларға мән бермеу және ақпараттың ресми көздеріне ғана сену маңызды.

Жоғарыда көрсетілген ескертулер мен заң талаптарын түсіндірулерге қарамастан төтенше жағдайдың бұзылуы жайыттары Ақмола облысында да орын алып жатқандығын атап өту керек.

Мәселен, ағымдағы жылдың 18 наурызында облыс орталығында "Altyn Shanyrag" мейрамханасында 100-ден астам адам қатысқан банкет өткізілді.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ағымдағы жылдың 19 наурыздағы шешімімен мекеме иесі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (осы бап бойынша 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған).

Тағы бір жағдайда, шет елден келген 71 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны карантинге міндетті ауруханаға жатудан бас тартып, санитарлық және полиция қызметкерлерінің заңды іс-әрекеттеріне қарсылық білдірген.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 304-бабы - санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Төтенше жағдайында кез-келген заңға қайшы жасалған әрекеттер жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар деп танылатынын (ҚК-нің 54-бабы және ӘҚБтК-нің 57-бабы), және бұл неғұрлым қатаң жазаға алып келетінін ескергеніміз жөн.

Осылайша, Ақкөл қаласының тұрғыны мас күйінде аудандық ауруханада төбелес ұйымдастырып, кейін шақыру бойынша келген полиция қызметкерлеріне бағынбаушылық көрсеткен.

Билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін Қылмыстық кодекстің 380-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Құқық бұзушы Ақкөл ауданындағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Экономикалық тергеу департаменті осы жылдың 19 наурызында жеке кәсіпкердің медициналық маскаларды жоғарлатылған бағамен сатудағы заңсыз қызметінің жолын кесті. Тауар бір дана үшін 140 теңгеден сатылды, бұл номиналдық құнынан бірнеше есе артық.

10 мың дана тауардың барлық партиясы Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасына берілді.

Төтенше жағдай режимін сақтауды қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Уәкілетті органдар тәртіп бұзушыларға қатысты қатаң шаралар қолдануға бағытталған.

Кінәлі адамдарға қатаң жауапкершілік шараларын қолдану, коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша іс-шараларды барынша тиімді жүргізуді қамтамасыз етуді қатаң талап етеді.

Күрделі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ағымдағы жылдың 19 наурызында сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия карантин енгізгенін және ол: карантин аймағының периметрін белгілеуді; адамдардың жүруін, сондай-ақ көлік құралдарының кіруін / шығуын шектеуді көздейтінін естеріңізге саламыз.

Карантин жалпы қауіпсіздік мақсатында енгізілді, оның басты міндеті қатаң бақылау енгізу арқылы инфекцияның таралу тізбегін үзу болып табылады.

Прокуратура органдары аймақ тұрғындарына саналы болуды және жол кедергілерінде шиеленістер жасамауды, елордаға жаяу өту әрекеттерін қабылдамауға кеңес береді.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және жағдайды тұрақсыздандыруға жол бермеу мақсатында азаматтарды заңсыз іс-әрекеттер жасамауға, оның ішінде шындыққа жанаспайтын мәлеметтерді таратпауға және арандатушылыққа жол бермеуге, сабырлық сақтауға шақырамыз.

Жалған ақпарат таратқаны үшін, Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделетінін ескертеміз.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері облыстың екі тұрғынына қатысты коронавирус туралы жалған ақпарат таратқандары үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Ағымдағы жағдай туралы сенімді ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылғанын естеріңізге саламыз.

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары! Еліміздің әрбір азаматының мүддесі үшін уақытша шектеу шараларын сақтауды сұраймыз. Тек осылай ғана біз бүгінгі күннің сын-қатерлерін жеңе аламыз, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны