14.05.2020, 19:58 8775

Төтенше жағдай кезінде адамдарды тосқауыл бекеттен өткізген Алматы қаласының Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері сотталды

К.Е. Әденов пен С.С. Оразов бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оларға тиісінше 4 077 500 теңге және 13 300 000 теңге айыппұл салынды.

Алматы. 14 мамыр. Kazakhstan Today - Төтенше жағдай кезінде адамдарды тосқауыл бекеттен өткізген Алматы қаласының Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері сотталды.

А.ж. 14 мамырында Алматы қаласының Жетісу ауданының № 2 аудандық соты Жетісу ауданы әкімі аппаратының бас мамандары К.Е. Әденов пен С.С. Оразовқа қатысты айыптау үкімін шығарды.

К.Е. Әденов пен С.С. Оразов бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оларға тиісінше 4 077 500 теңге және 13 300 000 теңге айыппұл салынды.

Сот оларға өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға тыйым салды.

Сонымен қатар, осы үкіммен азамат В.И. Уджур пара алу кезінде делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 430 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұған дейін хабарланғандай, аталған лауазымды тұлғалар төтенше жағдайда және "COVID-19" коронавирустық инфекциясының еліміздің басқа аймақтарында таралуын болдырмау мақсатында Алматы қаласының аумағына кіруге / шығуға тыйым салу туралы карантиндік режимде Жетісу ауданындағы тосқауыл бекетте кезекшілік атқару барысында тосқауыл бекеттен кедергісіз өту үшін Алматы қаласының тұрғындарынан делдал арқылы бірнеше рет пара алған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны