16.04.2020, 16:47 6382

Төтенше жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы контентті үздіксіз "online" режимде жариялау қамтамасыз етілді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қызметін қайта қарады.

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Төтенше жағдай кезеңіндегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің онлайн режимдегі қызметі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қызметін қайта қарады. Төтенше жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы контентті үздіксіз "online" режимде жариялау қамтамасыз етілді.

Бұл туралы Агенттіктің Аппарат басшысы Қуаныш Жапақов онлайн-брифинг барысында айтты.

"Бұл тұрғыда негізгі міндеттердің бірін Агенттіктің ақпараттық қызметі атқарады. Оның аясында "Antikor.Live" жаңа жобасы іске қосылды. Күн сайын сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін еліміздің барлық өңірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет халықпен "тікелей эфирге" шығады", - деді Қ. Жапақов.

"Тікелей эфирлер" Агенттіктің және оның аумақтық департаменттерінің Facebook, Instagram, Youtube танымал әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы жүргізіледі. Эфир барысында тұрғындарға елімізде жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалары мен заңнамалық бастамалары туралы ақпарат ұсынылады, сонымен қатар нақты уақыт режимінде спикерлерге сұрақтар қою мүмкіндігі беріледі.

Қазіргі таңда 206 "тікелей эфир" өтті (57 000-нан астам қаралым). Сондай-ақ, төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап өзара іс-қимылдың онлайн форматы аясында орталық аппарат деңгейінде 4 онлайн-брифинг және 9 онлайн-сұхбат ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар Агенттіктің "Facebook" ресми аккаунтында тікелей эфирде көрсетіледі. Қосымша сөйлеген сөздердің бейнежазбасы жасалып, кейін өңделген бейнематериал Агенттіктің ресми YouTube-арнасында орналастырылады және БАҚ-та таратылады.

Тосқауыл бекеттерде карантин талаптарын сақтау қажеттілігі, төтенше жағдайда сауда және қызмет көрсету нысандарында тексерулер жүргізу саласында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда Агенттіктің 1424 Call-орталығына жүгіну қажеттілігі туралы БАҚ-қа арналған 2 бейне-хабарлама жарияланды.

Серіктестік Департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясында Агенттіктің барлық республика бойынша қызметін жариялау үшін Агенттіктің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметінің қорытындылары туралы "Antikor.News" атты арнайы бейне-шығарылымдарды әзірлейді. Аталған видеодайжест Facebook, Instagram, YouTube, Одноклассники және Telegram әлеуметтік желілердегі Агенттіктің ресми аккаунттарында апта сайын (сәрсенбі, сенбі күндері) жарияланады.

Төтенше жағдай кезеңінде "Электрондық үкімет" порталында интернет-конференциялар өткізу он күндік кезеңге ауыстырылды. Бұл ретте интернет-конференциялардың тақырыптары төтенше жағдайға байланысты сұрақтарға бағытталған.

Азаматтық қоғаммен әрекеттестік

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және халық арасында тұтастық мәдениетін қалыптастыруға азаматтық қоғам өкілдерін белсенді түрде қатыстырады.

Төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап пікір көшбасшыларының, танымал блогерлер мен тұлғалардың қатысуымен 123 бейне үндеу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, шамамен 78 000 адамды қамтыған 200-ге жуық эфирге шығу жүзеге асырылды.

Сонымен қоса, онлайн-режимде Айтыс ұйымдастырылды. Іс-шараға республика өңірлерінен 16 ақын қатысты.

Жалпы карантин кезінде онлайн-режимде таратудың шексіз қолжетімділігі арқылы қоғамның барлық саласы қамтылатын болады.

"Саналы ұрпақ" жобасы "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығымен бірлесіп еліміздің жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау үшін 10 000-нан астам студентке онлайн сауалнама жүргізді. Сонымен қатар, аталған жоба аясында 10 сәуірде оқушылар мен студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта эссе және өлеңдер жазу, сурет салу, бейнероликтер бойынша онлайн-байқау басталды.

Елде төтенше жағдай енгізу халықтың және мемлекеттік органдар өкілдерінің әлеуметтік оқшаулауына әкеп соқты, азаматтар өз мәселелерін шешу кезінде қосымша байланыс кедергілеріне тап болды.

Қалыптасқан жағдайда ерікті-заңгерлер онлайн режимде тегін заңдық кеңестер беретін "Adal k?mek" жобасы ең қолайлы шешім болып табылады. Жоба арқылы кез-келген азамат нақты уақыт режимінде, орналасқан жеріне қарамастан, әлеуметтік оқшаулауды сақтай отырып, жоғары білікті құқықтық көмек ала алады. Жоба кең ауқымда жұмыс істеуі үшін Агенттік адвокаттарды, елдің жетекші заңгерлері мен құқықтанушыларын тартуда.

Жобаны танымал адвокат, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, адам құқықтары жөніндегі сарапшы Айман Омарова басқарады.

Төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап 246 000-нан астам адамды қамтитын 79 эфирге шығу жүзеге асырылды. Жоба іске қосылған сәттен бастап 10 000-нан астам азамат құқықтық кеңес алды.

Оң тәжірибені тарату мақсатында осы жобаны іске асыруға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, "Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық емес акционерлік қоғамының және "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатысының өкілдерін тарту күтілуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны