18.03.2020, 19:16 2459

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті азаматтарға кәсіпкерлермен көрсетілмеген қызмет үшін ақшаны қайтаруға көмектеседі

Елден кетуге және де отбасылық мерекелер мен және басқа да шараларды өткізуге шектеулердің енгізілуіне байланысты кейбір қазақстандықтар қиын жағдайға тап болды.

Алматы. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті азаматтарға кәсіпкерлермен көрсетілмеген қызмет үшін ақшаны қайтаруға көмектеседі.

Елден кетуге және де отбасылық мерекелер мен және басқа да шараларды өткізуге шектеулердің енгізілуіне байланысты кейбір қазақстандықтар қиын жағдайға тап болды.

Осыған байланысты Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті нақтылайды.

Мәселен, азаматтар мейрамханалармен, туристік ұйымдармен және т.б. қызмет көрсетуге келісім-шарттар жасады. Алдын-ала тиісті төлемдер жасалған, кейбір жағдайларда қызметтер толық көлемде төленген.

Сонымен бірге, мәдени, спорт, ойын-сауық және де туроператорлар мекемелерінің иелері көрсетілмеген қызметтерге қаражат қайтаруға асықпайды.

Сондай-ақ, тұтынушыларға қызмет көрсетуге арналған шарттар тәжірибе көрсеткендей "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұза отырып жасалады.

Осыған байланысты, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті бірінші кезекте, кәсіпкерлерді тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңдар мен жасалған келісімдердің талаптарын сақтауға, қызмет көрсетілмеген жағдайда - тұтынушыларға ақшаны қайтару қажет.

Екіншіден, Комитет кәсіпкерлерден құқығы бұзылған барлық азаматтарға құқықтық кеңес беруді көздейді.

Осы үшін азаматтар Комитеттің аймақтық департаменттеріне жүгіне алады. Департамент бөлімшелерінен сотқа дейінгі талап арызды және сот алдындағы талап арызды дайындауға консультативтік көмек көрсетіледі, сонымен қатар, департамент қызметкерлері сотқа үшінші тұлға ретінде қатыса алады.

Аймақтық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерінің байланыс деректерін келесі сілтемеден табуға болады http://www.gov.kz/memleket/entities/mti-kzpp/about/structure/191/1?lang=kz.

Бұдан басқа, Комитетке бот-телеграмм kzpp_bot және egov.kz.электрондық үкімет порталы арқылы жүгінуге болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны