24.07.2019, 23:50 15685

Тәулікке пәтер жалдап, өзгеге жалға берген елорда тұрғыны қолға түсті

Қазіргі уақытта қолға түскен күдікті Нұр-Сұлтан қаласының Уақытша ұстау изоляторына қамалды, "алаяқтық" фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар елорда төңірегінде жасалған өзге де осы тәріздес қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан. 24 шілде. Kazakhstan Today - Тәулікке пәтер жалдап, өзгеге жалға берген елорда тұрғыны қолға түсті.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен бұрын сотталған 30 жастағы қала тұрғыны қолға түсті. Тергеу амалдары барысында белгілі болғаны, ер адам интернет ресурстары арқылы пәтер жалға беру туралы хабарландыруларды тауып, пәтер иесіне тәулікке 7000-10 000 теңге көлемінде ақысын төлеп жалға алған. Арасын ұзатпай, тура сол күні жалға алған пәтерін күдікті үшінші тұлғаға 100-130 мың теңге көлемінде бір айға жалға беріп жіберген. Қазірде күдіктінің осы схема бойынша 4 адамды алдағаны белгілі болып отыр.

Қолға түскен азамат елорданың "Алматы" ауданында заңсыз әрекетін іске асырып, ұзақ жалдауға азаматтардың көп сұранысына ие болатын 1-2 пәтерлі үйлерді қайта жалға беріп отырған.

Қазіргі уақытта қолға түскен күдікті Нұр-Сұлтан қаласының Уақытша ұстау изоляторына қамалды, "алаяқтық" фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар елорда төңірегінде жасалған өзге де осы тәріздес қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны