Система Orphus

Тұңғыш Президент Қоры ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау жүйесін жетілдіруге көмектеседі

16.08.2019, 19:07 11989

Нұр-Сұлтан.16 тамыз. Kazakhstan Today - Тұңғыш Президент Қоры ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау жүйесін жетілдіруге көмектеседі.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған "Қамқорлық" жаңа бастамасын іске асыру бойынша жұмысын бастады.

Бүгінде Қазақстанда шамамен 86 мың мүмкіндігі шектеулі бала және ерекше қажеттіліктері бар 156 мың бала бар. Біздің жүргізген талдауымыз бойынша, балалардың көбі оңалтуды үнемі қажет етеді. Бұл жүйке жүйесі, тірек-қимыл жүйесі және басқа да ауыр дерттері бар балалар.

Осы мақсатта Тұңғыш Президент Қоры мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық институттардың күш-жігерін біріктіре келе, дамуында ауытқушылықтар бар балалардың өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсатында, нақты айтқанда, ондай балаларды қолдау жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс жүргізуде.

Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев бұл бастаманы іске асырудыңмеханизмдері туралы айтып өтті:

- Тұңғыш Президент Қоры осы бастама аясында мүгедектікті азайту, әлеуметтендіру, алдын-алу және ерекше қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау үшін бірінші кезекте қолданыстағы инфрақұрылым негізінде сегіз оңалту орталығын ашуға көмектеседі.

Сонымен қатар, біз білім беру ұйымдарында сегізинклюзияны қолдау ресурстық кабинеттерін ашуға көмектесуді жоспарлап отырмыз. Бұндай орталықтар Нұр-Сұлтан, Тараз, Түркістан, Семей, Қостанай, Орал, Атырау және Талдықорған қалаларына әсіресе қажет. Елбасының тапсырмасына сәйкес, орталықтарды қажетті жабдықтармен "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ қамтамасыз етеді.

Тұңғыш Президент Қоры мамандарды даярлауды және шоғырландырылған электрондық платформаны құруға жәрдемдесуді көздейді.

Жоғарыда аталған іс-шаралар - "Қамқорлық" бастамасының бірінші кезеңі. Бұл жыл сайын ерекше қажеттіліктері бар 5 мыңға жуық балағақажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл ретте алдағы уақытта ықпалдастырылған көмек жүйесі құрылатын болады.

2019 жылғы 1 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті- Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевпен кездесу барысында "Ел үміті" және "Қамқоршылық" бастамалары бойынша тапсырмалар берді.

- Қор өз жұмысын бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жүргізеді. Біз дарынды жастар мен дамудағы ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған екі "Ел Үміті" және "Қамқорлық" жобаларын бастаймыз. Дарынды жастарға елімізде және шетелде оқуға көмектесу керек. Бұл өте пайдалы және қажет жұмыс. Жалпы, Қордың осы бағыттағы жұмысын жандандыру қажет", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

    ҚР 28 қыркүйекке арналған эпидемиологиялық жағдай: коронавирустық инфекцияның 1 719 жаңа жағдайы

    28.09.2021, 18:01 1594
    ҚР 28 қыркүйекке арналған эпидемиологиялық жағдай: коронавирустық инфекцияның 1 719 жаңа жағдайы
    Сурет: ашық көздерден
    НҰР-СҰЛТАН. 28 ҚЫРКҮЙЕК - 2021 жылғы 27 қыркүйекке 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 880 709 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
     
    Қазақстанда өткен тәулікте 1 719 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
     
    Нұр-Сұлтан қаласында – 183; 
     
    Алматы қаласында – 413; 
     
    Шымкент қаласында – 49; 
     
    Ақмола облысында – 72; 
     
    Ақтөбе облысында – 44; 
     
    Алматы облысында – 160; 
     
    Атырау облысында – 36; 
     
    ШҚО-да – 119; 
     
    Жамбыл облысында – 56; 
     
    БҚО-да – 29; 
     
    Қарағанды облысында – 175; 
     
    Қостанай облысында – 102; 
     
    Қызылорда облысында – 18; 
     
    Маңғыстау облысында – 2; 
     
    Павлодар облысында – 155; 
     
    СҚО-да – 76; 
     
    Түркістан облысында - 30.
     
    Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 781 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 815 664 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
     
    28 қыркүйекке КВИ-ден 62 662 адам (53 945 КВИ+ және 8 717 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
     
    - стационарларда 10 849 пациент бар; 
     
    - амбулаториялық деңгейде - 51 813 пациент. 
     
    КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
     
    - ауыр халде – 868 пациент, 
     
    - аса ауыр халде – 218 пациент, 
     
    - ӨЖЖ аппаратында – 139 пациент бар. 
     
    Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 27 қыркүйегіне дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 11 100 өлім жағдайы тіркелген. 26 қыркүйек күні КВИ-ден 35 адам қайтыс болды. 
     
    Қазақстанда 2021 жылғы 27 қыркүйекке I компонентпен 7 560 935 адам вакцинацияланды, II компонентпен 6 452 766 адам вакцинацияланды. 
     
    "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары. 
     
    "Сары" аймақта: Шымкент, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. 
     
    "Жасыл" аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары. 
     
     
     Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

    Үкіметте БАҚ неге кеңеске жіберілмейтінін түсіндірді

    27.09.2021, 20:17 19117
    Үкіметте БАҚ неге кеңеске жіберілмейтінін түсіндірді
    Сурет: ашық көздерден
    НҰР-СҰЛТАН. 27 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстанда карантин талаптарын сақтай отырып БАҚ өкілдерін іс-шараларға тікелей қатысуға рұқсат беру мәселесі қаралып жатыр.
     

    Алдымен Нұр-Сұлтан қаласының әлі де болса "қызыл" аймақта екенін ұмытпаған жөн. Ал той-тоймалақ жасауға берілген рұқсатқа келсек, шағын және орта бизнес өкілдері тарапынан көптеген өтініштер келіп түсті. БАҚ өкілдерін мемлекеттік органдарда өтіп жатқан шараларға тікелей кіргізбеу ақпарат алуда шектеу қою деуге болмайды. Бізде БАҚ-тың жұмысына кедергі келтіріп, шек қою деген мәселе жоқ. Парламент, Үкімет үйінде өтіп жатқан барлық іс-шаралар жұртшылыққа онлайн таратылады",- деді ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет үйінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

     
    Сондай-ақ, Премьер-Министр орынбасары елімізде карантин талаптары бар екенін тағы бір еске салып, маска тағу және әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырды.
     

    Тілшілердің ақпарат алуына қатысты шектеулер жоқ. Қажет жағдайда тиісті органға ресми сауал жолдай алады, одан бөлек, күнделікті онлайн баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып жатыр. Оның барысында БАҚ өкілдері өз сауалдарын құзырлы орган өкілдеріне тікелей қоя алады. Бүгінді таңда санитарлық талаптарды сақтай отырып, тілшілердің тікелей қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізу мәселесі қаралып жатыр", - дейді ол.

     
    Сол сияқты Ералы Тоғжанов алдағы уақытта тілшілердің қатысуымен өтетін іс-шараларға Ashyq жүйесімен кіргізілетінін ескертті.
     
    Ақпарат көзі: inform.kz
     
     Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

    Алматыда "Целинный" кинотеатрының қасбетін бөлшектеді

    27.09.2021, 19:43 18631
    Алматыда "Целинный" кинотеатрының қасбетін бөлшектеді
    Сурет: informburo.kz
    АЛМАТЫ. 27 ҚЫРКҮЙЕК - Алматыда "Целинный" кинотеатрын қайта құру жұмысы басталды.
     
     "Целинный" заманауи мәдениет орталығының директоры Джама Нұрқалиеваның айтуынша, ғимарат бұзылмайды.
     

    Ғимаратты ешкім бұзбайды. 2018 жылдан бері көп айтылған "Целинныйды" қайта құру жұмысын биыл бастадық. Бұл уақыт ішінде біз ҚазҚСҒЗИ-мен бірге жобалық жұмыстар, техникалық зерттеулер жүргіздік, жобамызды қоғамдық кеңеске ұсындық, жобамыз тағы пысықталып, белгіленген заңнамалық рәсімдерге сәйкес қайта келісуден өтті", – деді ол.

     
    Қазіргі уақытта ғимараттың 2000 жылдардың басында жасалған және құрылысты қатты бүлдірген жөндеу элементтері бөлшектеліп жатыр.
     

    Ғимараттың бұрынғы қалпын сақтау мүмкін емес. Себебі, ол адамдарға қауіпті. Қайта құру барысында ғимараттың жалпы формасы, тірек құрылымдары, іргетасы мен Евгений Сидоркиннің бірегей панносын сақтаймыз. Кинотеатр аға буын алматылықтар үшін танымал болып қала береді, сонымен бірге, бұл ретте заманауи және технологиялық болады", – деді Джама Нұрқалиева.

     
    Кинотеатрды қайта құру жұмысына жергілікті және шетелдік көптеген мамандар тартылған. Аталған жұмыс аясында қоршаған ортаны да толығымен абаттандыру көзделіп отыр.
     
    Еске салсақ, "Целинный" кинотеатры 1964 жылы салынып, 2014 жылға дейін жұмыс істеді.
     
    Ақпарат көзі: inform.kz
     
     Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

Ең көп оқылғаны