06.08.2026, 18:38 60846

"Тақтар ойынының" жұлдызы Қазақстан туралы алғашқы әсерімен бөлісті

"Тақтар ойынының" жұлдызы Қазақстан туралы алғашқы әсерімен бөлісті

"Игра престолов" телехикаясындағы Джейме Ланнистер рөлімен танымал актер Николай Костер-Вальдау Comic Con Astana баспасөз мәслихатында Қазақстанға алғашқы сапары туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.


"Бұл - менің Қазақстанға, Астанаға алғашқы сапарым. Неткен кеңбайтақ ел! Көріп үлгергенімнің бәрі керемет әсер қалдырды. Соңғы үш жылда жегенімнен де көп ет жедім. Астанадағы моншаға барып, жақсылап буға түстім. Одан кейін бассейнде күшті бір ер адам мені кішкентай баладай ұстап тұрды. Сондай-ақ "Бәйтерек" монументіндегі алақанға қолымды қойдым. Енді осының бәрі менің өңім бе, әлде түсім бе деп ойлап отырмын", - деді Николай Костер-Вальдау.


Comic Con Astana

Актер Қазақстан тұрғындарының ашықтығы мен қонақжайлығын атап өтіп, олар жайлы алған әсерімен де бөлісті.

"Әсерді әрдайым кездескен адамдарың қалыптастырады. Мен өте жақсы, мейірімді адамдарды кездестірдім. Менің мұнда қонақ ретінде осындай тәжірибе жинақтау бақыты бұйырғанын түсінемін", - деді ол.


Актер мамандығына қатысты көзқарасымен де бөлісіп, әрбір жаңа рөлдің өзі үшін жаңа кезең екенін айтып өтті.

Comic Con Astana

"Білесіздер ме, актерлік жұмыстың ең қызықты тұсы - әр жолы жаңа дүниенің пайда болуы шығар. Маған алғаш рет әке рөлін сомдауды ұсынғанда: "Болды, енді маған әке рөлдері беріледі екен", - деп ойладым. Ал енді маған балалар рөлдері берілетінін түсініп отырмын", - деп атап өтті актер.


Есьеріңізге сала кетсек, Астанада Comic Con фестивалі өтуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны