20.07.2017, 19:26 5146

Табан және жіліншік хирургиясы бойынша Еуропалық деӊгейде үздік деп танылған неміс дәрігері Астанада шеберлік сабағын өткізеді

Табан және жіліншік хирургиясы бойынша Еуропалық деӊгейде үздік деп танылған неміс дәрігері Астанада шеберлік сабағын өткізеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Астана. 20 шілде. Kazakhstan Today - Табан және жіліншік хирургиясы бойынша Еуропалық деӊгейде үздік деп танылған неміс дәрігері Астанада шеберлік сабағын өткізеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Германияныӊ Аугсбург қаласындағы "Хессингспарк клиник" ауруханасы департаментініӊ меӊгерушісі Манфред Томастыӊ қатысуымен шеберлік сабағы Астана қаласында 2017 жылғы 31 шілдеден бастап 4 тамыз аралығында Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтыныӊ базасында болады",- деп хабарлайды ҒЗИ баспасөз қызметі.

Тобық буыны мен табанныӊ зақымдалуы мен ауруларын емдеудіӊ инновациялық әдістерін оқыту сабақтарына Астана, Алматы, Қарағанды және басқа да қалалардан бейінді мамандар қатысады.

Шеберлік сабағы бағдарламасына дәрістер, воркшоп және тәжірибелік сабақтар кіреді.

Іс-шараны ТОҒЗИ директоры, профессор Нұрлан Батпенов ашып, ортопедиялық-травматологиялық науқастарға диагноз қою және емдеудіӊ Қазақстандағы инновациялық әдістерімен таныстырады.

Шеберлік сабағында метатарзалгия мен тобықбуын артрозын емдеу әдістері, табанныӊ статикалық деформациясын емдеудіӊ кіші инвазивті әдістері, тобықбуын жеке артроскопиясыныӊ мәселелері ортаға салынады.

"Біз Қазақстандық мамандар үшін шеберлік сабақтарын ұдайы өткізіп отырамыз, сонымен қатар жақын және алыс шетелден дәріскерлер шақырамыз. Алдағы шеберлік сабағы неміс тәжірибесімен бөлісу, білім алмасу, бұдан былайғы конструктивті ынтымақтастық үшін ғылыми және іскерлік байланыстар орнатылатын алаӊ болады деген үміттеміз. Ал Манфред Томас өз ісініӊ білгірі болып табылады", - деді ТОҒЗИ директорыныӊ ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Қуаныш Оспанов.

Баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, "FOCUS" журналыныӊ рейтингі бойынша Манфред Томас 2016 жылы табан және жіліншік хирургиясы саласында Германияныӊ үздік дәрігері болып танылған.

БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты 2017 жылғы 31 шілдеде сағат 12:30-да Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында мына мекенжай бойынша өтеді: Астана қаласы, Абылай хан даӊғылы, 15 "а", әкімшілік корпус, кіші мәжіліс залы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны