08.11.2018, 18:01 6902

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау комитетініӊ Түркістан облысы бойынша департамент басшысы болып Ерболат Мақсұтханұлы Ыбрайханов тағайындалды

Жаӊадан тағайындалған департамент басшысын облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жеке қабылдап, оныӊ жұмысына сәттілік тіледі.

Түркістан. 8 қараша. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық экономика министрініӊ бұйрығымен Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау комитетініӊ Түркістан облысы бойынша департамент басшысы болып Ерболат Мақсұтханұлы Ыбрайханов тағайындалды.

Ерболат Ыбрайханов 1981 жылы 2 қаӊтарда Қызылорда облысында туылған. М.Иуезов атындағы ОҚМУ, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ және "Болашақ" бағдарламасымен "University of Nottingham" жоғары оқу орындарын экономист-финансист, заӊгер, мемлекеттік саясат мамандықтары бойынша тәмәмдаған.

Ерболат Мақсұтханұлы осыған дейін Иділет министрлігінде экономист, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде басқарма басшысы, сондай-ақ аталған агенттікке қарасты өӊіраралық инспекция басшысы, Қарағанды облысы бойынша Антимонополиялық инспекциясыныӊ жетекшісі және Алматы қаласы бойынша тұрғын үйді басқару және тұрғын үй инспекциясы басшысыныӊ орынбасары қызметтерін атқарған.

Жаӊадан тағайындалған департамент басшысын облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жеке қабылдап, оныӊ жұмысына сәттілік тіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны