25.07.2006, 18:30 3202

Тағы 12 қазақстандық Ливаннан шығаруды күтуде - ҚР СІМ

Тағы 12 қазақстандық Ливаннан шығаруды күтуде - ҚР СІМ

АСТАНА. 24 шілде. Kazakhstan Today. Бүгінгі таңда 12 қазақстандық азамат және 11 бала Ливаннан шығарылу кезеңін күтуде. Бұл жөнінде СІМ ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлімдеді.

"Үш қазақстандық Ливаннан шығудан бас тартты, тағы екі азамат әскери операция өтіп жатқан жерде болғандықтан Ливан территориясын тастап шыға алмайды", - дейді Е. Ашықбаев. Оған қоса, СІМ өкілінің айтуынша, "әзірге Қазақстанның бес азаматымен байланыс орнатылған жоқ".

ҚР СІМ ақпаратына сәйкес, әскери шиеленіс басталғанға дейін, Ливанда Қазақстанның 61 азаматы болған. Он екі баласымен 9 азамат елге әскери қақтығыстар басталғанға дейін қайтарылды, он жеті ересек және он бір бала Сирия арқылы Ресейге, одан бері қарай Қазақстанға жеткізілген. "Он үш қазақстандық Ливаннан Сирияға дейін өз беттерімен келді, мұнда оларға ҚР СІМ елшілігі қызметкерлері тиісті көмек көрсетті", - дейді Е. Ашықбаев.

СІМ өкілі Ресей төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігіне қазақстандықтарды Ливаннан шығаруға атсалысып жатқаны үшін тағы да алғысын білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны