22.06.2015, 15:32 3531

Тағылымдамадан өтуші курсанттар шынайы ұшуға жақындатылған жағдайларда практикалық оқып-үйренуде

Балқаш гарнизонында жоспарлы жұмыс сапары аяқталды. Оныӊ барысында ұшу құрамын даярлау жөніндегі оқу авиациялық орталығы және ИШҚҚ бригадасы тексерілді

Астана. 22 Маусым. Kazakhstan Today - Балқаш гарнизонында жоспарлы жұмыс сапары аяқталды. Оныӊ барысында ұшу құрамын даярлау жөніндегі оқу авиациялық орталығы және ИШҚҚ бригадасы тексерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қорғаныс министрініӊ орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров пен Иуе қорғанысы күштерініӊ бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетовке курсанттар практикалық тағылымдамадан өтіп жатқан оқу авиациялық тренажеры таныстырылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Біз тиісті деӊгейде жас мамандарды оқып-үйретуді жүзеге асыруға, ұшу құрамын дайындауға тиіспіз. Курсанттар болашақта алған білімдерін шебер қолданып, авиациялық техниканы үздік біліп, қажет болған жағдайда жауынгерлік жағдайда сауатты қолдана алуы маӊызды", - деді генерал-майор Мұхтаров.

Сонымен қатар, басшылық құрам жоғары керек-жарақты, тактика және жауынгерлік қолдану, аэродинамика және психологиялық тынығу оқу корпусына, ұшу алдындағы дайындық сыныптарына, сондай-ақ курсанттық жатақхана мен асханаға барды.

"Қазіргі уақытта бізде ұшулардыӊ тығыз кестесі. Барлығы ұшу және инженерлік-техникалық құрам, тыл және байланыс мамандары қарқынды жұмыс жасауда, жұмыс өте көп. Біздіӊ міндет - курсанттарды көбірек ұшыру, ұшу практикасыныӊ бүкіл бағдарламасын орындау. Институттағы дайындық жақсы, курсанттар теориялық тұрғыда дайындалған, білімдері жақсы. Енді "ұшуды басқару" ғана қалды деп атап өтті 53898 ә/б командирі полковник Асқар Ізбасов.

Осыдан кейін делегация авиациялық орталықтыӊ жанында орналасқан ИШҚҚ әскерлерініӊ бөлімшелерін тексерді, жеке құраммен кездесті, операторлар мен планшетшілердіӊ жұмысымен танысты.

"Радиотехникалық бөлімшелер біздіӊ республикамыздыӊ әуе шептерін күзету бойынша тәулік бойы жауынгерлік кезекшілікті атқарады. Олар еліміздіӊ барлық аумағында шоғырландырылған, координаталарды айқындау және анықтау, ұшақтарды, тікұшақтарды, қанатты зымырандар мен өзге де әуе нысаналарын алып жүру бойынша жауынгерлік міндеттерді орындайды", - деді авиация генерал-майоыр Нұрлан Орманбетов.

Сапар мақсаты жеке құрамныӊ жауынгерлік дағды деӊгейін, қару-жарақ пен әскери техниканыӊ жай-күйін тексеру, сондай-ақ Иуе қорғанысы күштері Искери институтыныӊ 3-ші және 4-курс курсанттары дайындығыныӊ тиімділігін бағалау болғанын еске салайық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны