11.02.2010, 14:34 2935

Таиланд елінде ұсталған ИЛ-76 ұшағының экипажы бостандыққа шығарылады, деп мәлімдеді Таиланд өкіметі

Таиланд елінде ұсталған ИЛ-76 ұшағының экипажы бостандыққа шығарылады, деп мәлімдеді Таиланд өкіметі

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Таиланд елінде ұсталған ИЛ-76 ұшағының экипажы бостандыққа шығарылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Lenta.ru ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Портал ақпаратына сәйкес, Таиланд жағы Бангкок әуежайында ұсталған ИЛ-76 ұшағының экипажы бостандыққа шығарылады деп ресми түрде мәлімдеді.

"Таиланд өз аумағында сот процессін өткізуден мүдделі емес, сол себепті біз ұшқыштардан барлық айыптарды алып тастауды ұйғардық. Ал жазалау мәселесін олар азаматтары болып табылатын елдердің өздері шешсін", - деп мәлімдеді Таиланд прокуратурасының баспасөз қызметі.

Осы орайда прокуратураның басқа өкілінің айтуынша, пилоттарды елден шығару ресми түрде экстрадиция деп саналмайды, бірақ, олар елге заңсыз келген деп танылған.

Таиланд өкімет әзірге ИЛ-76 ұшағының бортырнан шыққан тәркіленген жүкпен не істеу керектігі жайлы шешім қабылдаған жоқ. Бұдан бұрынырақ қару-жарақ жойылады немесе жарым-жартылай таиландлық әскерилерге беріледі деген хабарламалар пайда болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны