06.01.2010, 18:11 3149

Таиланд елінде ұсталған Ил-76 ұшағының қазақстандық экипажының мүшелерінен 8 қаңтарда жауап алынады

Таиланд елінде ұсталған Ил-76 ұшағының қазақстандық экипажының мүшелерінен 8 қаңтарда жауап алынады

Астана. 6 қаңтар. Kazakhstan Today - Таиланд елінің астанасы Бангкок қаласында ұсталған Ил-76 ұшағының қазақстандық экипажының мүшелерінен 2010 жылдың 8 қаңтарында жауап алынады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бүгін бұл мәселе бойынша үшінші тыңдау болып өтті. Жете тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іс қосымша анықтауға жіберілді, ол 12 күннен кейін өтеді. Келесі тыңдау алдын-ала мәлімет бойынша 18 қаңтарға белгіленген", - деді І. Омаров.

Оның айтуынша, "8 қаңтарда, немесе бүрсігүні Қазақстандық ұшқыштардан жауап алынады. Ол Қазақстанның дипломатиялық миссиясы өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі".

Еске сала кетейік, Пхеньяннан ұшып шыққан "Эйр Уэст Джорджия" грузин компаниясына тиесілі ұшақтан КХДР-дан алып шығуға тыйым салынған қару-жарақ, соның ішінде тасымалды зымыран кешендері мен "жер-ауа" классына жататын зымырандардың қосалқы бөлшектері табылған.

Таиланд полициясының пікірінше, жүк Таяу Шығыстағы бір елге жіберілген. Бес адамнан, соның ішінде Қазақстанның төрт, Беларусьтің бір ұшқышынан құралған экипажға заңсыз қару сақтау және оны елдің аумағы арқылы тасымалдау туралы айып тағылған.

Ал экипаждың өзі айыбын толық жоққа шығарып, жүк тиелген кезде Пхеньян қаласындағы қонақ үйде болғанын айтуда. "Ұшу сапары алында біз жүктің таңбаланып, пломба қойылғанын тексердік", - дейді пилоттар өз қорғаушылары арқылы беріп жіберген мәлімдемесінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны