20.01.2010, 16:34 3063

Таиланд елінде ұсталған қазақстандық ұшқыштардың адвокаттары оларды кепілдікке босату жөнінде өтініш жасады

Таиланд елінде ұсталған қазақстандық ұшқыштардың адвокаттары оларды кепілдікке босату жөнінде өтініш жасады

Астана. 20 қаңтар. Kazakhstan Today - Таиланд елінде ұсталған қазақстандық ұшқыштардың адвокаттары оларды кепілдікке босату жөнінде кезекті өтініш жасады. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Асқар Ибдірахмановтың айтуынша, адвокаттар ұшқыштарды кепілдікке босату жөнінде тағы бір өтініш жасады, "ол енді қаралады".

Сондай-ақ, оның айтуынша, "кеше өткен сот тыңдауында ұшқыштарды қамауда ұстау мерзімі тағы да 12 күнге созылды".

Адвокаттардың пікірінше, қазақстандық ұшқыштар егер айыпты деп танылса, оларға 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылу қаупі төніп тұр, деді ресми өкіл.

"Ұшқыштарға өлім жазасына кесілу қаупі төнген жарылғыш заттарға қатысты айыпқа келетін болсақ, ондай айып ресми түрде тағылған жоқ, бұл жай ғана полиция мен тай журналистерінің осындай айып тағылуы мүмкін деген жорамалы ғана", - деді ол.

"Бұл жерде өзара қарама-қайшы ақпараттар бар. Олай дейтініміз, "КоммерсантЪ" газетінің Бангкоктағы тілшісінің жазуынша, жарылғыш заттарды сақтау жөніндегі айып өтініш бойынша алынған-мыс. Ал біздің дипмиссия болса, мұндай айып тағылған жоқ деп отыр", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны