11.02.2010, 15:58 2808

Таиланд өкіметі осы елде ұсталған ИЛ-76 ұшағының экипажы бостандыққа шығарылады деп мәлімдеді (толықтырылған)

Таиланд өкіметі осы елде ұсталған ИЛ-76 ұшағының экипажы бостандыққа шығарылады деп мәлімдеді (толықтырылған)

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Таиланд елінде ұсталған ИЛ-76 ұшағының экипажы бостандыққа шығарылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Lenta.ru ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Портал ақпаратына сәйкес, Таиланд жағы Бангкок әуежайында ұсталған ИЛ-76 ұшағының экипажы бостандыққа шығарылады деп ресми түрде мәлімдеді.

"Таиланд өз аумағында сот процессін өткізуден мүдделі емес, сол себепті біз ұшқыштардан барлық айыптарды алып тастауды ұйғардық. Ал жазалау мәселесін олар азаматтары болып табылатын елдердің өздері шешсін", - деп мәлімдеді Таиланд прокуратурасының баспасөз қызметі.

Осы орайда прокуратураның басқа өкілінің айтуынша, пилоттарды елден шығару ресми түрде экстрадиция деп саналмайды, бірақ, олар елге заңсыз келген деп танылған.

Таиланд өкімет әзірге ИЛ-76 ұшағының бортырнан шыққан тәркіленген жүкпен не істеу керектігі жайлы шешім қабылдаған жоқ. Бұдан бұрынырақ қару-жарақ жойылады немесе жарым-жартылай таиландлық әскерилерге беріледі деген хабарламалар пайда болған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Таиланд өкіметі 2009 жылғы 12 желтоқсанда 35 тонна қару-жарақ әкеле жатқан Ил-76 ұшағын ұстады. Экипаждың бес мүшесі Қазақстан мен Беларусь азаматтары болған.

Еске сала кетейік, Пхеньяннан ұшып шыққан "Эйр Уэст Джорджия" грузин компаниясына тиесілі ұшақтан КХДР-дан алып шығуға тыйым салынған қару-жарақ, соның ішінде тасымалды зымыран кешендері мен "жер-ауа" классына жататын зымырандардың қосалқы бөлшектері табылған.

Таиланд полициясының пікірінше, жүк Таяу Шығыстағы бір елге жіберілген. Бес адамнан, соның ішінде Қазақстанның төрт, Беларусьтің бір ұшқышынан құралған экипажға заңсыз қару сақтау және оны елдің аумағы арқылы тасымалдау туралы айып тағылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны