25.12.2009, 15:13 2926

Таиланд полициясы Бангкок қаласында ұсталған экипажды тұтқында ұстау мерзімін тағы да 12 күнге ұзартты

Таиланд полициясы Бангкок қаласында ұсталған экипажды тұтқында ұстау мерзімін тағы да 12 күнге ұзартты

Алматы. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today - Таиланд полициясы Бангкок қаласындағы әуежайда ұсталған экипажды тұтқында ұстау мерзімін тағы да 12 күнге ұзартты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Пхеньяннан ұшып шыққан "Эйр Уэст Джорджия" грузин компаниясына тиесілі ұшақтан КХДР-дан алып шығуға тыйым салынған қару-жарақ, соның ішінде тасымалды зымыран кешендері мен "жер-ауа" классына жататын зымырандардың қосалқы бөлшектері табылған.

Таиланд полициясының пікірінше, жүк Таяу Шығыстағы бір елге жіберілген. Бес адамнан, соның ішінде Қазақстанның төрт, Беларусьтің бір ұшқышынан құралған экипажға заңсыз қару сақтау және оны елдің аумағы арқылы тасымалдау туралы айып тағылған.

Ал экипаждың өзі айыбын толық жоққа шығарып, жүк тиелген кезде Пхеньян қаласындағы қонақ үйде болғанын айтуда. "Ұшу сапары алында біз жүктің таңбаланып, пломба қойылғанын тексердік", - дейді пилоттар өз қорғаушылары арқылы беріп жіберген мәлімдемесінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны