01.02.2010, 17:55 3270

Таиланд прокуратурасы әзірге Ил-76 ұшағының экипажын босату туралы шешім қабылдаған жоқ - ҚР СІМ

Таиланд прокуратурасы әзірге Ил-76 ұшағының экипажын босату туралы шешім қабылдаған жоқ - ҚР СІМ

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Таиланд прокуратурасы әзірге Ил-76 ұшағының экипажын босату туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз жұма күні сот тыңдауы өтіп, оның барысында прокуратура соттан алдын-ала қамауда ұстау мерзімін 12 күнге 11 ақпанға дейін созу туралы сұрағанын растаймыз", - деді А. Ибдірахманов.

"Қазір тергеу одан әрі созыла ма, әлде ұшқыштар қылмыстық құрамның болмауына байланысты босатыла ма дегенді дәл осы прокуратура анықтай алады", - деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Таиланд прокуратурасы бортындағы қарумен Бангкок әуежайында өткен жылдың желтоқсан айында ұсталған Ил-76 ұшағының экипажына тағылған айыпты алып тастауды ұйғарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today GZT.ru веб-порталына сілтеме жасап.

"Тергеудің айналасында жүрген ақпарат көзінің хабарлауынша, айыптардың алынатындығы туралы бүгін жария етіледі. Прокуратураның мұндай шешім қабылдауының себебі беймәлім", - делінген хабарламада.

"Егер қылмыстық сот айып тақпауды ұйғарса, және бас прокурор онымен келіссе, күдіктілер босатылады", - деп Bangkok Post газеті сот төрағасы Каясит Писсаванпраканның сөздәйегін келтіреді.

Ал басылымның құпия ақпарат көзінің хабарлауынша, экипаж мүшелері 29 қаңтарда босатылатын секілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны