29.01.2010, 16:46 2691

Таиланд прокуратурасы бортындағы қарумен Бангкок әуежайында ұсталған Ил-76 ұшағының экипажына тағылған айыпты алып тастауды ұйғарды

Таиланд прокуратурасы бортындағы қарумен Бангкок әуежайында ұсталған Ил-76 ұшағының экипажына тағылған айыпты алып тастауды ұйғарды

Алматы. 29 қаңтар. Kazakhstan Today - Таиланд прокуратурасы бортындағы қарумен Бангкок әуежайында өткен жылдың желтоқсан айында ұсталған Ил-76 ұшағының экипажына тағылған айыпты алып тастауды ұйғарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today GZT.ru веб-порталына сілтеме жасап.

"Тергеудің айналасында жүрген ақпарат көзінің хабарлауынша, айыптардың алынатындығы туралы бүгін жария етіледі. Прокуратураның мұндай шешім қабылдауының себебі беймәлім", - делінген хабарламада.

"Егер қылмыстық сот айып тақпауды ұйғарса, және бас прокурор онымен келіссе, күдіктілер босатылады", - деп Bangkok Post газеті сот төрағасы Каясит Писсаванпраканның сөздәйегін келтіреді.

Ал басылымның құпия ақпарат көзінің хабарлауынша, экипаж мүшелері бүгін босатылатын секілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны