14.09.2026, 12:19 20982 / 3934

Таиланд шетел азаматтары үшін визасыз режимнің мерзімін қысқартады

Таиланд шетел азаматтары үшін визасыз режимнің мерзімін қысқартады
Сурет: ЖИ
Таиланд бірқатар мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартады, деп хабарлайды Қазақстанның Таиландтағы елшілігінің баспасөз қызметінен.

Өзгерістер Таиланд Министрлер кабинетінің 2026 жылдың 15 қыркүйегінде күшіне енетін шешіміне байланысты. Осыдан кейін Қазақстан азаматтарына Қазақстан мен Таиланд үкіметтері арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім қолданылады.

"Келісімге сәйкес, Қазақстан азаматтары Таиланд аумағында елге кірген күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз бола алады, бұл ретте әрбір 180 күндік кезең ішінде болудың жиынтық мерзімі 90 күнтізбелік күннен аспауға тиіс", - деп жазылған хабарламада.


Таиландқа сапар жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына көші-қон режиміндегі өзгерістерді ескеру ұсынылады. Елде 30 күннен астам уақыт болу қажет болған жағдайда, тиісті визаны алдын ала рәсімдеу қажет.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны