11.02.2010, 17:10 3278

Таиланд соты ИЛ-76 ұшағының экипажын босатуға ордер берді, таяу күндерде ұшқыштарды Қазақстанға жібермек

Таиланд соты ИЛ-76 ұшағының экипажын босатуға ордер берді, таяу күндерде ұшқыштарды Қазақстанға жібермек

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Таиландтың қылмыстық соты ИЛ-76 ұшағының экипажын босатуға ордер берді, таяу күндерде ұшқыштарды Қазақстанға жібермек, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

ИТАР-ТАСС ақпаратына сәйкес, экипажды босату жөніндегі ордер елдің бас прокуроры өткен жылдың желтоқсан айында заңсыз қару сақтау жөніндегі күдікпен ұсталған ұшқыштарға қарсы қылмыстық іс қозғамау туралы шешімін жария еткен соң берілді. Ордерді "Клонг Прем" түрмесінің басшылығы алған соң ұшқыштар бостандыққа шығады. Оларды Корольдіктің миграциялық басшылығы күтіп алады, өйткені, экипаждың визасының уақыты өтіп кеткен. 12 немесе 13 ақпанда ұшқыштар Қазақстанға жіберілмек.

Ұшақ Дон Мыанг әскери әуежайында тұрақта тұр. Ұшақтан алынған жүк 12 желтоқсанда тәркіленіп, Накхонсавандағы әскери базаға жіберілді.

Экипаж мүшесі штурман Виктор Абдуллаев былай деп мәлімдеді: "Үш күннен бері бостандыққа шығамыз деген мерекелік сезіммен күн кешіп жатырмыз ". "Бізді түрмедегілер, қамаудағылар да, офицерлер де дүйсенбіден бері құттықтап жатыр. Бірақ бұның нақты ахуал екендігін енді ғана сезініп отырмыз", - деді В. Абдуллаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны