16.01.2017, 13:08 4362

Таяу күндері Универсиада-2017 ойындарына қатысатын елдердіӊ алғашқы делегация өкілдері Алматыға келмек

Қысқы ойындарға қатысатындардыӊ шамамен 90%-ы Алматы қаласыныӊ әуежайына тікелей халықаралық рейспен жетеді. Таяу күндері Қазақстанныӊ оӊтүстік астанасына 300-ден аса шетелдік делегация ұшып келеді.

Астана. 16 қаӊтар. Kazakhstan Today - Таяу күндері Универсиада-2017 ойындарына қатысатын елдердіӊ алғашқы делегация өкілдері Алматыға келмек,- деп хабарлайды дирекция.

Спорт делегациялары ұшып келетін ресми орын - Алматы халықаралық әуежайы 2017 жылғы Қысқы универсиада аясында спорт делегацияларын қарсы алуға толығымен дайын. Универсиада-2017 Дирекциясыныӊ басшылығы атлеттердіӊ Алматы халықаралық әуежайына келу кестесі және оларды қарсы алу рәсімі жөнінде өз түсініктемелерін берді.

"Қысқы ойындарға қатысатындардыӊ шамамен 90%-ы Алматы қаласыныӊ әуежайына тікелей халықаралық рейспен жетеді. Таяу күндері Қазақстанныӊ оӊтүстік астанасына 300-ден аса шетелдік делегация ұшып келеді. Универсиада 2017 қатысушыларыныӊ ұшып келу саны жағынан әуежайдыӊ 26-29 қаӊтар аралығындағы кестесі өте тығыз болмақ. Алматы әуежайында күтіп алынатын Универсиада қатысушыларыныӊ жалпы саны - 2823. Спортшылар қаламызға келген алғашқы сәттен бастап оларға қонақжайлылығымыз бен ықыласымызды көрсету үшін жарыстардыӊ алдындағы соӊғы аптада біздіӊ міндетіміз -бүкіл мәселелерді бүге-шегесіне дейін пысықтап шығу", - деп атап өтті 2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция басшысы Наиль Нуров.

Алматы әуежайыныӊ жерүсті қызметтері Универсиада-2017 жарыстарына қатысу үшін ұшып келетін шетелдік және жергілікті делегацияларды қарсы алу тәсілдерін пысықтап, жетілдірді. Паспорттық және кедендік бақылау жүйесі де айтарлықтай оӊтайландырылды: Қысқы универсиада қатысушыларына арнап паспорттық бақылаудан өту үшін жеке кабиналар және де кедендік рәсімдерден өту үшін жеке дәліз ұсынылады, сондай-ақ, ұшып келу залында декларацияларды толтыру үшін үстелдер саны арттырылды. Осы телімдерде жұмыс жасайтын қызметкерлердіӊ саны да ұлғайтылмақ. Қауіпсіздік шаралары іс-шараныӊ халықаралық мәртебесіне сәйкес ұйымдастырылып отыр.

Универсиада қатысушыларыныӊ жүгі оларға алдын ала жіберілген арнайы жүк биркасымен белгіленеді. Арнайы жүк биркасына қарап Универсиада қатысушыларыныӊ жүгіне бірінші кезекте қызмет көрсетіледі.

Алматы әуежайындағы навигация жүйесі орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде көрсетілген. Ұшып келу залдары мен жолаушылар орналасатын көпшілік аймақтар Универсиада-2017 стилистикасында безендендірілді.

Универсиада қонақтары мен қатысушылары өздерін жайлы сезінуі үшін Алматы әуежайында ақпараттық үстелдер қызмет жасамақ, онда жалпы көлік қызметі, келу және аттану кезіндегі тасымалдау кестелері, ресми көліктіӊ қозғалыс бағыты туралы ақпарат алуға болады. Ағылшын тілін еркін меӊгерген еріктілер мен ақпараттық үстелдердіӊ жанындағы көлік менеджерлері қонақтарға Алматыға жеткен уақытында жол көрсетіп, көмектесетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны