22.09.2006, 11:11 3060

Таяу уақыттарда 22 мыңдай адам Қазақстанның азаматтығына ие болуы мүмкін

АСТАНА. 22-қыркүйек. Kazakhstan Today. Таяу уақыттарда 22 мыңдай адам Қазақстанның азаматтығына ие болуы мүмкін. Қазақстан азаматтығын алуға ниет білдірген адамдарға қатысты материалдар кеше мемлекеттік хатшы Оралбай Ибдікәрімов басқаратын ҚР президентінің жанындағы азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президент әкімшілігіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойғаннан кейін 22 мыңдай адам Қазақстан азаматы бола алады. Олардың басым бөлігі оралмандар, сондай-ақ, республикаға ТМД елдері мен шетелдерден келген басқа да ұлт өкілдері".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны