04.02.2015, 14:31 3999

Тайваньда апатқа ұшыраған ұшақ TransAsia әуе компаниясына тиесілі

Тайвань аралында апатқа ұшыраған ATR-72 ұшағыныӊ TransAsia әуе компаниясына тиесілі екендігі анықталды. Ұшақ апатынан 9 адам қаза тауып, тағы 19-ы жарақат алды

Тайвань. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Тайвань аралында апатқа ұшыраған ATR-72 ұшағыныӊ TransAsia әуе компаниясына тиесілі екендігі анықталды. Ұшақ апатынан 9 адам қаза тауып, тағы 19-ы жарақат алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жергілікті телеарнаныӊ хабарлауынша, Тайвань бұғазындағы Цзиньмэнь аралдарына бара жатқан TransAsia әуе компаниясыныӊ ATR-72 ұшағы жерге қонар кезде көпірді жанап кетіп, қала маӊындағы өзенге құлаған, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.

Иуе кемесініӊ бортында экипаж мүшелерін қосқанда 58 адам болыпты. Жергілікті азаматтық авиация өкілдері 30 адамныӊ құтқарылғанын мәлімдеді. Апатқа байланысты басқа мәліметтер анықталу үстінде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны