07.04.2018, 13:42 4769

"Талан" фильмініӊ әлемдік премьерасы Иранда өтеді

Белгілі режиссер Болат Қалымбетов түсірген аталмыш фильмде жиырмасыншы ғасырдыӊ 30-шы - 40-шы жылдардағы ел тарихында орын алған оқиғалар қарапайым адамдардыӊ өмірі арқылы баяндалады. Фильмніӊ сценариі жазушы Жүсіпбек Қорғасбектіӊ "Қасқыр-адам" повесініӊ желісі бойынша жазылған

Алматы. 7 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша түсірілген "Талан" көркем фильмі Иранныӊ Тегеран қаласында сәуірдіӊ 19-ы мен 27-і аралығында өтетін 36-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалініӊ "Шығыс панорамасы" бағдарламасына қатысады.

Белгілі режиссер Болат Қалымбетов түсірген аталмыш фильмде жиырмасыншы ғасырдыӊ 30-шы - 40-шы жылдардағы ел тарихында орын алған оқиғалар қарапайым адамдардыӊ өмірі арқылы баяндалады. Фильмніӊ сценариі жазушы Жүсіпбек Қорғасбектіӊ "Қасқыр-адам" повесініӊ желісі бойынша жазылған.

- Сәуір айыныӊ ортасында Тегеранға жол тартамын, иран көрермендеріне "Талан" фильмін таныстырамын. "Фаджр" сынды белді кинофестильде картинаныӊ әлемдік премьерасы өтетініне өте қуаныштымын, - деді режиссер Болат Қалымбетов.

Биыл фестивальдіӊ "Шығыс панорамасы" байқауына 12 елдіӊ - Қытай, Вьетнам, Изірбайжан, Ирак, Грузия, Үндістан, Палестина, Жапония, Моӊғолия, Кувейт және Сирияныӊ фильмдері қатысады.

"Фаджр" кинофестивалінде "Қазақфильм" киностудиясыныӊ қатысуымен түсірілген тағы да бір кинотуынды - "Икеге қоӊырау шалу" фильмі көрсетіледі. Аталмыш картина фестивальдіӊ негізгі халықаралық конкурсында бақ сынайды. Айта кетсек, режиссер Серік Апрымов "Фаджр" фестиваліне осыдан 27 жыл бұрын қатысқан. 1991 жылы режиссер түсірген "Соӊғы аялдама" атты дебюттық картина "Фаджр" фестивалініӊ негізгі байқауына қатысып, "Үздік фильм" жүлдесін алған болатын.

Естеріӊізге сала кетсек, "Икеге қоӊырау шалу" фильмі Қазақстан киносыншылар қауымдастығы ұйымдастырған "Сыншылар таӊдауы" киножүлдесінде екі бірдей жүлдеге - "Үздік режиссер" және "Екінші пландағы үздік ер адам рөлі" (актер Ерболат Оспанқұловқа табысталды) қол жеткізді. Одан бөлек, аталған туынды Ресейдіӊ "Ника" атты киножүлдесіне үміткер болған. Сонымен қатар аталған фильм 2018 жылы сәуірдіӊ 19 мен 26 аралығында Мәскеуде өтетін 40-шы Мәскеу халықаралық кинофестивалінде "Шеберлер" бағдарламасында көрсетілетін болады.

Фаджр халықаралық фестивалі 1982 жылы Иранныӊ мәдениет министрлігі және ислам бағыты ұйымымен негізі қаланған. Фестиваль Қиыр Шығыстағы еӊ ауқымды әрі танымал кинофестиваль есептеледі. Бұл фестиваль аясында әлем кинематографистері мәдени байланыс орната алатын бірден бір алаӊ.

Былтыр 2017 жылы "Фаджр" кинофестивалініӊ "Үздік азиялық фильмі" номинациясында бас жүлдені "Қазақфильм" киностудиясы жарыққа шығарған режиссер Сәбит Құрманбековтыӊ "Оралман" фильмі алған болатын.

"Фаджр" кинофестивалініӊ биылғы жеӊімпаздарын фестивальдіӊ жабылу салтанатында - 2018 жылы 27 сәуірде жарияланатын болады.

"Талан" фильмі туралы:
Тағдырдыӊ жазуымен бар өмірін елден жасырын өткізген адамныӊ ортамен байланысы ақыры трагедиямен аяқталады. Осындай талайлы тағдырлар арқылы азаттық аӊсаған ата-бабаларымыздыӊ арманы - тәуелсіздіктіӊ қадір-қасиеті көрінеді. Талан - тағдырдыӊ синонимі.
Режиссері: Болат Қалымбетов
Сценарий авторлары: Ғазиз Насыров, Болат Қалымбетов
Рөлдерде: Асан Киркабаков, Ерік Жолжақсынов, Шынар Жанысбекова, Ержан Нұрымбет, Ұлан Нүсіпәлі, Оӊдасын Бесікбасов, Жасұлан Ийтенов, Қаршыға Илікенов, Аян Өміржан.

"Икеге қоӊырау шалу" фильмі туралы:

Фильм жас жігіттіӊ бала кезінен бастап есейген шағына дейінгі 25 жыл өмірін қамтиды. Картинада баланыӊ әке-шешесімен арасындағы қиын қатынастары, жеткіншектіӊ сезімдері мен басына түскен қиындықтары суреттеледі.
Қоюшы режиссері, сценарий авторы, операторы: Серік Апрымов
Рөлдерде: Ерболат Оспанкұлов, Айзада Сатыбалдиева, Жігер Мырзабек, Темірлан Кисикбаев және басқалары.

Режиссерлер туралы ақпарат:

Қалымбетов Болат Нұрғалиұлы - кинорежиссер, актер, ҚР еӊбек сіӊірген өнер қайраткері, Халықаралық кинофестивальдердіӊ лауреаты, Қазақстан кинематографистер одағыныӊ мүшесі. 1955 жылы 20 маусымда Алматы облысы Нарынқол ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік консерваториясыныӊ актерлық факультетін(Х.Бөкееванық шеберханасы), ал 1989 жылы Алматы Мемлекеттік өнер институтыныӊ режиссерлық факультетін тәмамдаған.
Болат Қалымбетов киноға небәрі 10 жасында келді. Еӊ алғаш ол 1966 жылы режиссер Абдолла Қарсақбаевтыӊ "Балалық шаққа саяхат" атты фильміне түскен.

ФИЛЬМОГРАФИЯСЫ. Көркем фильмдердіӊ режиссері: "Тамшы" (КФ, 1989), "Айналайын" (КФ, 1990), "Соӊғы ызғарлы күндер" ("Катарсис" ШӨБ, 1993); "Сардар" (КФ, 2004), "Айналайын" телесериалы ("Сатайфильм", "Қазақстан" арнасыныӊ тапсырысы бойынша, 40 сериялы, 2012).

Апрымов Серік Секенұлы - кинорежиссер, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, "Тарлан" тәуелсіз жүлдесініӊ лауреаты, КСРО кинематографистер одағыныӊ мүшесі. 1960 жылы 28 қазанда Семей облысы Ақсуат ауылында дүиеге келген. 1989 жылы Бүкілодақтық Мемлекеттік кинематография институтын тәмамдаған.

ФИЛЬМОГРАФИЯСЫ. Көркем фильмдердіӊ режиссері: "Екеуі мотоцикл үстінде" (КФ, 1986, к. м.), "Гипнотизер" (КФ, 1988, к. м.), "Соӊғы аялдама" (КФ, 1989), "Түс ішіндегі түс" ("Сергелдеӊ", "Жас жігіттіӊ күнделігі", КФ, 1993), "Ақсуат" (КФ, 1998), "Үш ағайында" (КФ, 2000). "Аӊшы" (КФ, 2004), "Озерныйдағы үй" (2009, Ресей, сериал), "Бауыр" (КФ, 2013).

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны