15.12.2016, 16:55 5524

Талантты жас ақынныӊ Елбасыға тартуы талайларды таӊ қалдырды (ВИДЕО)

Мерекелік думанда барша оқушылардыӊ атынан өӊір басшысына алғысын білдірген мектеп оқушысы Бекжан Базарбек барша жұртшылықты Тәуелсіздіктіӊ торқалы тойымен құттықтап, осынау жетістіктерге жетуде көш бастап, елді биік белестерге жетелеп келе жатқан Елбасы - Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевқа арнаған өлеӊін оқыды.

Шымкент. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today - Таяуда Оӊтүстік Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған "Бар мейіріміміз - балаларға!" қайырымдылық шарасы өткені белгілі.

Игілікті іске қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өӊіріміздегі үздік оқу озаты атанған 10 дарынды оқушыға және ерекше білім беруді қажет ететін, жетім және ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыдан шыққан 240 балаға Мемлекет басшысыныӊ атынан сый-сияпат тарту еткені есімізде.

Мерекелік думанда барша оқушылардыӊ атынан өӊір басшысына алғысын білдірген мектеп оқушысы Бекжан Базарбек барша жұртшылықты Тәуелсіздіктіӊ торқалы тойымен құттықтап, осынау жетістіктерге жетуде көш бастап, елді биік белестерге жетелеп келе жатқан Елбасы - Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевқа арнаған өлеӊін оқыды.

Қайырымдылық шарада ерекше мәнерімен көзге түскен Бекжан Ғалымжанұлын арнайы іздеп, таптық. Шымкенттегі "Батырбек Өтеп атындағы "Өнер" мамандандырылған мектеп-интернатыныӊ 9 сынып оқушысы Отырар ауданыныӊ тумасы болып табылады. Болашағынан үлкен үміт күттірер жас талант болашақта ел жайын қозғайтын журналист болғысы келеді екен.

Жазба және суырып салма жас ақын Бекжан Базарбектіӊ Мемлекет басшысына арнаған жүрек толғанысын Өздеріӊізге ұсынуды жөн көрдік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны