07.04.2010, 15:43 3272

Таласта Қырғызстан премьер-министрінің бірінші орынбасары кепілдікке алынды

Таласта Қырғызстан премьер-министрінің бірінші орынбасары кепілдікке алынды

Бішкек. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Таласта Қырғызстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Акылбек Жапаров кепілдікке алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today қаладағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

А. Жапаров пен ішкі істер министрі Молдомуса Конгантиев таңертеңнен бері Талас қаласында болған. Қырғызстан парламентінің отырысында сөз сөйлеген Қырғызстан үкімет басшысы Данияр Үсенов хабарлағандай, қосымша әскери күштер, Қырғызстан премьер-министрінің бірінші орынбасары мен ішкі істер министрі Талас қаласында тәртіп орнату үшін сол жаққа жіберілген.

Еске сала кетейік, кешеден бері Қырғызстанда үкіметтің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шаруашылығындағы тарифтерді көтеруіне байланысты наразылық митингілері өтуде. Ақпарат көзінің мәліметінше, қазіргі жағдаймен Талас қаласындағы митингіге 3 мыңнан астам адам қатысуда. ІІБ ғимараты басып алынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны