10.05.2017, 16:04 4743

Талдықорған қаласында 9 мамыр - Ұлы Жеӊіс мерекесі кеӊінен аталып өтілді

Талдықорған қаласында 9 мамыр - Ұлы Жеӊіс мерекесі кеӊінен аталып өтілді. Мерекелік шараныӊ басында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен бірге облыс әкімі Амандық Баталов Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы Даӊқ обелискісіне гүл шоқтарын қойды.

Талдықорған. 10 мамыр. Kazakhstan Today - Талдықорған қаласында 9 мамыр - Ұлы Жеӊіс мерекесі кеӊінен аталып өтілді. Мерекелік шараныӊ басында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен бірге облыс әкімі Амандық Баталов Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы Даӊқ обелискісіне гүл шоқтарын қойды. Мерт болған майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, әскерилер аспанға от атты. Мұнан кейінгі мерекелік шаралар "Жастар" саябағында жалғасты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Саябақ сахнасында көрермендерге соғыстыӊ сұрапыл жылдарынан "Ұлы ерлік ешқашан ұмытылмайды" атты театрландырылған көрініс ұсынылды. "Мәӊгі өлмейтін полк" салтанатты шерумен сап құрап жүріп өтті.

Көпшілікті Ұлы Жеӊіс мерекесімен құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов:

- Бұл Жеӊіс біздіӊ батыр әкелеріміз бен аталарымыздыӊ қаһармандық ерлігініӊ, тыл еӊбеккерлерініӊ қажырлы еӊбегініӊ арқасында мүмкін болды.Бұл қастерлі Жеӊіс күні - аға ұрпақтыӊ өшпес ерлігініӊ, ерен еӊбегініӊ мәӊгілік символы!Бүгінгі тәуелсіздік тұғырыныӊ берік, еӊсеміздіӊ биік болуы да, еліміздіӊ өркендеуі де - Ұлы жеӊістіӊ жемісі, - деп Отан үшін жанын пида еткен жауынгерлерімізді жыл сайын еске алып, олардыӊ рухына тағзым ету біздіӊ, яғни кейінгі ұрпақтыӊ еӊ басты парызы екенін атап өтті.

"Баршаӊызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаӊырақтарыӊызға шаттық пен бақыт тілеймін. Жеӊістіӊ туы желбіреп, еліміздіӊ абыройы арта берсін!" - деп ізгі тілегін жеткізді.

Сөзініӊ соӊында облыс әкімі А. Баталов ардагерлердіӊ құрметіне арнап Владимир Высоцкийдіӊ сөзіне жазылған "Он не вернулся из боя" атты әнді орындап берді.

Мұнан кейін сахнада Сүйінбай атындағы облыстық филармония мен "Талдықорған әуендері" фольклорлы-этнографиялық ансамблініӊ өнерпаздары, өзге де эстрада әншілері өнер көрсетті.

Облыс басшысы мерекеге орай ардагерлер үшін әзірленген Дала асханасында болып, ардагерлермен әӊгімелесті.

Бұдан кейін мереке кешкілік жастарға арналған диско бағдарламамен жалғасып, көгілдір отшашумен аяқталады.

Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны