12.04.2017, 17:02 5300

Талдықорған қаласында ауқымды "Бақ қала" акциясы аясында 4 мыӊнан астам жас көшет отырғызылды

Қаланыӊ 8 мыӊнан астам тұрғынымен бірге шараға облыс әкімі Амандық Баталов қатысып, облыс орталығыныӊ бірқатар көрнекті жерлеріне тал екті.

Талдықорған. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Талдықорған қаласында ауқымды "Бақ қала" акциясы аясында 4 мыӊнан астам жас көшет отырғызылды. Қаланыӊ 8 мыӊнан астам тұрғынымен бірге шараға облыс әкімі Амандық Баталов қатысып, облыс орталығыныӊ бірқатар көрнекті жерлеріне тал екті.

Жас емен, шаған, қараған, қайыӊ, сирень, тұтқұлақ сияқты ағаш түрлері енді қаланыӊ саябақтарына, скверлеріне, аулалары мен көшелеріне көрік беретін болады. Ағаш егу жұмыстары "Шығыс" шағын ауданындағы жаӊадан жасалған "Көктем" скверінде, Қаратал өзенініӊ жағалауында, "Жастар" саябағында, қалалық көп салалы аурухана ауласында және қаланыӊ басқа да жерлерінде атқарылды.

Облыс басшысы Амандық Баталов "Көктем" сквері мен "Жастар" саябағында, қалалық көп салалы аурухана аумағында ағаш отырғызды.

Сенбілік барысында Амандық Баталов қаланыӊ көркейту жұмыстарына ерекше көӊіл аударып, қала басшылығы мен тиісті сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді. Мәселен, "Көктем" скверіне гүлзарлар жасап, ландшафтық дизайнымен жұмыс істеу қажеттігін айтты. Көк өсіндерді суару тұрақты түрде жүргізілуі қажет. Ағашты отырғызғаннан кейін оныӊ күтіп-баптау ісіне ерекше назар аударылуы тиіс.

Қаратал жағалауына барған облыс басшысы өзенніӊ жиегін ретке келтіруді, жағалаудан өзенніӊ әсем келбеті айқын көрініп тұруы керектігін ескертті.

Амандық Баталов "Жастар" саябағында жақын күндерде салынатын жабық заманауи бассейнніӊ жобасын көріп, өз ұсыныс-ескертпелерін айтты.

Өӊір басшысы Салтанат сарайы, Көрме павильоны, жаӊа драма театрыныӊ құрылысы жүріп жатқан аумақтарды аралап көрді. Мұндағы Салтанат сарайыныӊ құрылысы маусым айында толық аяқталады деп күтілуде. Мердігер мекеменіӊ өкілдерімен бірге құрылыс нысанында болған Амандық Баталов ғимараттыӊ қасбетініӊ әрленуіне, сол сияқты ішкі декорациясыныӊ кейпіне өз тарапынан түзетулер енгізді. Ескертулер күмбездіӊ түсіне және басқа да дизайндік элементтерге қатысты айтылды.

Жұмыс сапарын қорытындылаған облыс әкімі Амандық Баталов:

- Кіреберістен бастап қала кейпі біртұтас әсем көріністі құрауы тиіс. Бұл құрылысқа да, жалпы көркейту, абаттандыру ісіне де қатысты. Ирбір элемент, тіпті ұсақ-түйекке дейін үйлесімде болуы керек. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз және осы істі жалғастыруымыз қажет, - деді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны