14.09.2009, 10:33 1302

Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансерде өрт кезінде 37 адамның қаза болу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансерде өрт кезінде 37 адамның қаза болу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансерде өрт кезінде 37 адамның қаза болу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР үкімет басшысының орынбасары Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Үкіметтік комиссия бірқатар отбасыларға барып, көңіл айтты. Сол күні облыстағы қызметтердің қатысуымен комиссияның отырысы өтті. Қылмыстық іс қозғалды, өрттің шығу себептері анықталып жатыр", - деді С. Ахметов.

Ол өрт кезінде 41 адамның құтқарылғанын хабарлады. "Қазір 10 адам ауруханада жатыр, екеуінің жағдайы ауыр, жан сақтау бөлімшесінде жатыр. 37 адам қаза тапты, олар негізінен көмір қышқыл газынан уланып, қаза болды", - деді вице-премьер.

Оның айтуынша, сейсенбіде қаза тапқандарды жерлеу рәсімі басталады. Алматы облыстық әкімдігі жерлеуге қажетті барлық қаржыны бөлуге уәде берді, деді С. Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны